қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














18.04.2017

"Кітап - рухани қазына"


2017 жылдың 18 сәуірінде "Сырдария" университетінің виртуальды кітапханасында "Кітап - рухани қазына" атты студенттер арасында дөңгелек үстел болып өтті. Кітап - бұл біздің асыл жан дүниеміздегі рухани қазынамыз. Кітап туралы өз пікірлерін ең алғаш болып Бпә-14 тобының 3-курс студенті Аманқұл Айсұлу ортаға салды.
Яғни, қазіргі жаһандану заманында электронды кітаптар немесе қолданбалы кітаптардың қайсысы нәтижелі? деген сұрақтарға жауап іздеді.
Баспадан шыққан кітаптарды оқу өте қолайлы және пайдалы екенін айтса, келесі болып Мат-14 тобының студенті Шәмші Гүлсім кітаптың шығу тарихына тоқталып, бірнеше қызықты деректермен таныстырды. Шт-15 тобының 2-курс студенті Мейірхан Бектеміс өз ойын Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен келтірсе, Қт-14 тобының 2-курс студенті Данияр Асылбек ұлы тұлғалардың сөзімен өз ойын тұжырымдады.
Абай Құнанбайұлының керемет қара сөзі бар, "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?", - дейді.
Сол секілді болашақта кемел азамат болып қалыптасу үшін, қазірден алтын уақытымызды босқа жұмсамай, тәнімізді емес, жанымызды рухани жағынан азықтандыруымыз қажет деп ойлаймын.

БПӘ-14 тобының студенті Аманқұл А.



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу