қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

7СЫР, республикалық қоғамдық-саяси газет
№11-12 (351-352) 18.03.2016 жыл, 4 бет

Студенттер практикада болды

"Сырдария" университетіндегі "Математика және экономика" факультетінің "Физика" мамандығы бойынша ІV курста оқып жүрген бір топ студенттер Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОМ-іне практикаға келген еді. Оларға мектептегі мұғалім әрі жетекші ретінде сабақ өткізуге дайындалу, оны көрнекі құралдар және жаңа технология бойынша жүргізудің әдіс-тәсілдері жөнінде түсіндіріп отырдым.

Атап айтар болсақ, Жібек Жолдасова, Малика Нарзиева, Мейірхан Сәрсен, Шохсанам Тугушова, Еламан Тілеуберген, Нилюфар Дадаева, Бауыржан Сүлеймен, Алтынбек Жалғасов, Перизат Ибрагим 7-11 сыныптарына бөлініп, өздерінің практикалық сабақтарын бір ай бойы өткізіп, білімдарлығы, ізденімпаздығы және мұғалім болуға деген талпыныстарын байқата білді.

Студенттер тобының кураторы Қанат Ұлықбаев және тәрбие жетекшісі Тіллә Бердалиева үнемі бірге жүріп сабақтарына қатысып, жетістіктеріне қуанды, білмегендерін үйретті, олардың физика пәнінің мұғалімі болуға қалыптасып қалғанына көз жеткізді.

Шын мәнінде, бұл студенттер практика кезінде үлгі көрсете білгеніне риза болдым. Олардың келешекте ұстаз деген атқа лайықты болатыны сөзсіз.

Оқу мен тәжірибені ұштастыра білу студенттер үшін аса қажет. Осылай ертеңгі күні диплом алады, ұстаз атанады. Бір кезде өзі шәкірт одан кейін студент болса, сол шәкіртті оқытып бастайды, өскелең ұрпақтарға тәлім-тәрбие береді.

Осындай саналы да білімді маман даярлап жатқан "Сырдария" университетінің ұжымына алғысымды білдіремін.

Ақмарал Шынтілеуова, Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОМ-нің мұғалімі.


Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Бітіруші тyлектер

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz