қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

18.01.2017

Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы өтті

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылатындықтан кез-келген кадр даярлау үдерісі онсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Әрбір болашақ маман өзінің алған теориялық білімін практикада дәлелдеп, базалардағы білікті мамандардың тәжірибелерін азық етуді көздейді. Университетіміздің 500-ге жуық студенті қаңтар айының 16 жұлдызында білім бағытындығы студенттер 8 аптаға педагогикалық, құқық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану бағытындағы мамандық студенттері 10 апталық өндірістік практикаға жолдама алды.

Студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған орнықтыру конференциясы үлкен көлемде "Қазақстан" студенттер сарайында барлық мамандықтарға бірдей ұйымдастырылды. Айтулы іс-шараға университеттің бітіруші мамандық студенттері мен практика жетекшілері және педагогика және психология бойынша әдіскерлік ететін профессор-оқытушылар құрамы, декандар мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Конференцияны оқу істері жөніндегі проректоры т.ғ.к., доцент, С.Д.Мамраимов ашып беріп, болашақ мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, сәттілік тіледі. Практика базалары және бұйрықпен таныстыру үшін Университет студенттерінің кәсіптік практика жетекшісі Н.С. Файзиев практика базаларының материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ білікті, тәжірибелі, жоғары санатты педагогтардың да сандық көрсеткіштерін айтып, мектептің жеткен жетістіктерін презентация арқылы баяндады. Ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Н.С. Тленчиева және Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы, Тарих мамандығының практика жетекшісі, доцент А.А.Алтыбаева педагогикалық практика кезіндегі студенттердің басты іс-әрекеттері мен мақсат-міндеттерін атап өтіп, ұтымды ой-пікірлерімен бөлісті.


Өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының аға оқытушысы М.Ж.Жасұзақова өндірістік практиканың маңызы төңірегінде бірқатар құнды ойлар айтып, студенттердің құлшынысын оятты.

Өресі биік ой-пікірлерге толы өткен конференция студенттердің практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды. Құнды ойлар мен берілген бағыт-бағдар студенттердің практика кезінде таптырмас азығы болады деп сенеміз.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы
Университетінің кәсіптік практика жетекшісі


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу