қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














17.11.2017

Студенттер күні тойланды

17-қараша – студенттер үшін айтулы күн. Жастар бұл мерекені асыға күтетіні шындық. «Сырдария» университетінің студенттері жыл сайын осы мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастыруды ұмыт қалдырған емес. «Студенттер күні» мерекелік концерті соның айғағы.

Іс-шара шымылдығын Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, Ғалым хатшы, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова және студенттік ректор Дш-14 мамандығының студенті Е.Тұрдымұратов, студенттік декан Шт-14 мамандығының студенті Бектеміс Мейірхан ашып, университеттің қоғамдық жұмысына белсене ат салысатын жалынды жастарды алғыс хаттармен марапаттады. жалындаған жастардың жұмыла билеген флешмобымен ашылды.

Құттықтау барысында Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева студенттерге деген жылы лебізін «Студенттер» өлеңімен жеткізсе, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова университеттің негізгі нысаны студенттер екенін және студент пен оқытушы, университетте тығыз байланыста болатынын айтып, білім мен ғылым жолында табысты болуларын тіледі.

Студенттердің құрметіне ұйымдастырылған мерекелік концерт әнмен әрленіп, бимен безендірілді. Сондай-ақ, Қт-17 тобының арулары орындаған флэшмобы кешті көріктендіре түсті.

«Сырдария жастары» құрамасының әзіл-қалжыңға толы көріністері студенттерді күлкіге батырды. Салтанантты шара соңында ұтыс билеттері ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Баспасөз қызметі.


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Бітіруші тyлектер

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу