қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

17.11.2016


"Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл"


Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны хақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17-қараша – халықаралық студенттер күні!

Студенттік шақ – өз алдына жеке әлеуметтік категория. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезең – үйден жырақта жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт десек, артық айтқандық емес. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекцияда ұйықтап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан кештер, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл-күймен еске алады.

"Сырдария" университеті де бұл мерекені өз деңгейінде атап өтті. "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі, жатақхана тәрбиешісі М.Б. Бишановтың ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Сырдария" университетінің студенттер үйінде "Студенттік өмір, көтеріңкі көңіл!" атты жайдарман көңілді тапқырлар ойыны, ән, би жатақхана студенттеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жалпы студенттердің ұйымдастыруымен Қазақстан студенттер сарайында "Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл" атты мерекелік концерт болып өтті. Әсем ән, мың бұралған бишілер, шат-шадыман көңіл күйдегі студент жастар – бәрі де жарасымды дүние.

Сонымен қатар бірқатар студенттерге университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбековтің құттықтау хаттары дайындалды. Құттықтау хаттарды Оқу істері бойынша проректор, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов және Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Л.Ә. Мырзабек табыс етті. Атап айтар болсақ, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 3-курс студенті Тұрдымұратов Еламан – "Сырдария" университетінің студенттік ректоры", Ботай Аида - "Жаратылыстану және математика" мамандығының 3-курс студенті, Эркинов Исламбек - "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 1-курс студенті, Данияр Әсілбек - "Гуманитарлық білім" мамандығының 2-курс студенті, Әнуар Асел - "Жаратылыстану және математика" мамандығының 2-курс студенті және Уалихан Жансая - "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультетінің 2-курс студенттерін "Студенттік декан" атануымен шын жүректен құттықтады.

Мерекеміз қуанышты, сүйінші хабармен ұласып үлгерді. "Студенттік шақ" фестивалі жобасы аясында ұйымдастырылған студент жастардың облыстық "Көркем сөз оқу" сайыстарына "Сырдария" университетінен 5 студент қатысып, Ермекбай Ермахан Жаңабайұлы ІІІ орынмен марапатталса, Досанова Үкілімай, Қадырқұлов Бексұлтан, Сәулетова Гауһартас аталған сайыста "Белсенді қатысқаны үшін" аталымына ие болды.

Облыстық "Отырар" кітапханасында болған бұл сайыс өте тартысты әрі әділ өтті. Жалпы 60 жуық қатысушылардан 20-ы финалға өтіп, соның ішінен "Сырдария" университетінің намысын қорғап, жүлдемен оралған біздің үлгілі студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Қанаттарың талмай, биік белестерді бағындырып, оқу ордамыздың мәртебесін көтере берулеріңе тілектестік білдіреміз.

Фотогалерея

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова





Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу