қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

17.11.2013

«Студенттік өмір,көтеріңкі көңіл!» атты мерекелік концерт

«Сырдария» университетінде 17 қараша студенттер күніне орай «Қазақстан» студенттер сарайында «Студенттік өмір,көтеріңкі көңіл!» атты мерекелік концерт болып өтті. Әр жылда бір келетін студенттер мерекесі кез –келген студентке ерекше қуаныш.

Концерт барысында «Сырдария» университетінің ғылыми істер және халықаралық қатынастар проректоры С.Мамраимов, Университетіміздің қонағы Яско Шмолло мырза жүрекжарды лебізін білдірді.

Сонымен қатар «Сырдария» университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б.Курбаналиев студенттерді мерекелерімен құттықтады.Жастар комитетіне мүше болған белсенді студенттерге алғыс хат табыстады. Сонымен қатар эстафеталық жарыстан жүлделі орын алған студенттерді медальдармен марапаттады.

«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Үсен Мараттың орындауында «Жаса Қазағым» әнімен сахна шымылдығы ашылды.

С.Мырзамұратова,С.Тұңғатарова, А.Нұрсейтов, А.Оралбеков, А.Жантөре, А.Амангелдіқызы, Б.Биболов, А.Егемқұлов, А.Төлеп әсем әуендерімен көңілді тербетсе, «Назерке» би тобы және «Ерке» би тобы қалың жұртшылықты әсем билерімен тамсандырып тастады.

Және де «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің ару қыздары тәжік биімен жұрт көңілін қуантты.Ал «Жарайсыңдар ДТС» КВН командасы мен «Болашақ Сырдария» КВН командасы және «Сыр Серілері» КВН командалары көрерменді күлкіге қарық қылды.

Ерекше атап айтсақ,бұл кештің шырайын кіргізген ақындарымыз Қонысбаев Атабек пен Назерке студенттерге құттықтауын сөз маржандарынан тарту етті.

Студенттерге ең қызық болғаны кеш соңында ойнатылған ситуциялық жағдайлардан құралған сұрақ-жауаптар болды. Ойын жеңімпаздары сыйлықтарға ие болып, бір марқайып қалды.

Кеш соңы Жантөре Ақботаның «Кел достарым» әнімен аяқталды.



Басқа жаңалықтар

16-желтоқсан «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шарасы
13 желтоқсан күні «Тәуелсіздігім тірегім» атты тақырыпта жатақханада кеш өтті
Жайдарман ойындары қарашаның 29-күні болып өтті
«Студенттік өмір,көтеріңкі көңіл!» атты мерекелік концерт
«Темекі шекпегенің, өзіне зиян етпегенің!» атты аудандық деңгейдегі іс-шара
Қызығы мол студенттік шақтар-ай!
Мектептерден 20 оқушыға «Жаңа компьютерлік технологиялары» біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды
"Сырдария" университетінің 15 жылдыгына орай атқарылатын іс-шаралар



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу