қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

16.12.2013

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы

Галерея (24 сурет)

Біз, тарихымыз сонау көне түркіден бастау алған
ерлігімен жаханды жаңғыртқан бахадүрлер ұрпағымыз.

Біздің мақтанышымыз бізге қалдырған бабалар аманаты – ұлы қазақ жері, ұлы қазақ елі, ұлы қазақ тілі, ұлы тәуелсіздік. Өзінің сан ғасырлық даму тарихында ауыр да қасіретті тағдыр –талайында қаншама қиындықтарды басынан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген», аумалы –төкпелі тарих толқынында теңелсе де, ағысқа қарсы құламай, талмай жүзген алып кемедей қазақ елі , алаш жұрты өзінің асыл арманы, ұлы мұраты болған –Тәуелсіздігіне қол жеткізгені кеше ғана сияқты еді. Тарих үшін қас-қағым сәт болып табылатын 21 жылда қазақ елі сан ғасырға бергісіз, Отан тарихында алтын әріптермен жазылатын ғаламат оқиғалар мен құбылыстар болып өтті.
Бұрын ешкім білмеген қазақ елін бүгінде әлем таныды. Мойындады.

Қазақ халқы біртұтас, бірлігі мызғымас, экономикасы қуатты , келешегі шуақты кемел елге айналды. Бұл кемеңгер Елбасының сарабдал саясатының және оны қолдаған жасампаз жұртының ерен еңбегінің, елдігі мен бірлігінің арқасы. Әлем мойындаған көшбасшысы бар, оны қолдайтын, елдікті, бірлікті татулықты ту еткен жасампаз халқы бар елдің қашанда келешегі кемел, болашағы баянды болмақ. Міне, қазақ елі – осындай, Қазақстан – осындай мемлекет.

«Тәуелсіз апталығының» ашылу барысында «Тәуелсіздік –бабалар арманы» тақырыбында«Отан және шетел тарихы» кафедрасының оқытушысы доцент Алтынбеков Бабахан баяндама оқыды.

Апталықтың ашылуында Аманбаев Абай, Үкібаев Абдікәрім, Иманбетов Мақсат, Абдикадиров Құрманғазы ән мен жырдан шашу шашса, Әбшенова Береке, Ширинова Дильновоз, Фаттулаева Ұлболсын, Бейсенова Нұршат, Ешухенова Назипа өз шығармашылықтарынан тәуелсіздікке арналған туындыларын оқыды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты бүткіл қазақ елінің тыныштығы мен бірлігін нығайтып, ел экономикасын дамуында, тұрмыстық - әлеуметтік жағдайының жоғарылауында зор маңызға ие. Кеше ғана Астана қаласында өткен «Жас Отан» Жастар қанатының 2-съезінде жастарға үлкен жауапкершілік артып, «Арман, еңбек, сенім» атты ұран тастауы жүрекке ерекше күш, бойға қуат дарытады. Біздің Отанымыз - Қазақстан, Біздің президентіміз-Нұрсұлтан Назарбаев.
«Тәуелсіздік – тұғырың» атты видеоролик көпшілік назарына ұсынылды.

Тәуелсіздікпен апталықтың ашылуымен құтықтауға келген ғылыми істер жөніндегі проректор Б. Құрбаналиев студент жастарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, тәрбие істер жөніндегі проректор Д. Әбдіғали апталық барысында өтілетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Галерея (24 сурет)



Басқа жаңалықтар

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс
«Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат турнирі
Елбасының жолдауы – халықты қолдауы
«Тәуелсіздік тірегі - жастар» атты автошеру
«Жалындаған жастар» атты жаңа жылдық кеш
«Өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды» атты акция
«Жаңа жыл – жаңа белес»
“Тәуелсіздіктің жиырма шыңы” күнтізбесі
“Дипломмен ауылға” “Ауыл тынысы”
“Түлектеріміз – мақтанышымыз”
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА - 20 ЖЫЛ»
Пән аралық олимпиада нәтижесі туралы мәлімет
Пресс-Релиз ақпараттық жүйілер
29.10.2010 - Инновалиялық зерттеу орталығы
5В012000 "Кәсіптік білім" мамандығы ашылды
“Сырдария” университетінің электронды кітапханасы
“Сырдария” университетінің КАТАЛОГЫ
Интерактивті мультимедиа тақтасын оқыту процесінде пайдалану



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу