қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

16.12.2013

Студенттер арасында эстафеталық жарыс

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Сырдария» бастауыш партия ұйымы университет факультеттері арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырды.
Жарыс «ҚР дене шынықтыру және спортты дамытудың 2009-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №230 Жарлығын іске асыру, салауатты өмір салтын ұстану, жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа әр факультеттен 2-қыз бала, 4-ер бала қатысты. Жарысты басқару «Дене шынықтыру және спорт» факультеті мен Тәрбие бөліміне жүктелді.
Тікелей басқару белгіленген тәртіппен өткізілді.
Жарыс төмендегі тәртіппен өткізілді:
1. Баскетбол добымен кедергілерден өтіп допты шығырыққа тастау.
2. секірмемен белгілі бір арақашықтықта кедергілер арқылы жүгіріп өту.
3. гимнастикалық орындықтан оңға, солға қос аяқтап секіріп, шығыршықтан өту.
4. қаппен секіру арқылы мәреге жеткенде жеткенде допты шығыршыққа түсіру.
5. қолды айқастырып мәреге барып келу.
6. теннис ракетасымен теннис добын алып жүру.
7. фишкалар арасынан допты алып жүру.
8. арқан тарту.

Жарысқа әр факультет өз командаларын шығарып атсалысты.
«Гуманитарлық білім» факультеті,
«Биология және химия» факультеті,
«Кәсіптік білім және өнер» факультеті,
«Математика және экономика» факультеті,
«Дайындық бөлімі» сайысқа түсті. Сайысқа төрешілік жасағандар тәрбие істері жөніндегі проректор Д. Әбдіғали, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің деканы Е. Әбіш, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, доцент С. Серманизиев.

Жарыс тартыстыда қызықты өтті. Университет ұстаздары жастарға үлгі өнегеліктің тағы бір жолын көрсетті. Жарыс барысында эстафеталық ойындарды мүлт кетпей орындап шыққан командалар І орынды «Дене шынықтыру және спорт» факультеті, ІІ орынды «Химия және биология»факультеті, ІІІ орынды Дайындық бөлімі жеңіп алды. Жеңімпаз командаларды факультет декандары медалдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Галерея (42 сурет)




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу