қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
Қазан №41 (331) 16.10.2015 жыл, 1 бет

16.10.2015 - "Адал жол" велошеруі өтті

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Жетісай қаласында велошеру өтті. Аталған шеруге аудан әімдігінің бөлім қызметкерлері, аудандағы денсаулық және білім беру саласының мамандары, мектеп оқушылары, колледждер және "Сырдария" университетінің мұғалімдері мен студенттері, Жетісай қаласы әкімі аппараты және шараны белсенді ұйымдастырған аудандық "Жастар орталығы" мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Қолдарына көк байрақ ұстаған шерушілерді аудан әкімінің орынбасарлары Ә.Әбжанов пен Ә.Есенбекова бастап отырды. Велосипед мінген жүздеген қатысушыларды аудандық ішкі істер басқармасының жол патрульдік қызметкерлері арнайы көліктерімен алып жүрді.
Шеру "Жеңіс" алаңынан басталып, қаланың С.Қожанов, Амангелді, Яссауи, Т.Дайрашев көшелерін жүріп өтіп, бастапқы "Жеңіс" алаңына көліп тоқтады. Мұнда қатысушыларды мәдениет үйінің өнерпаздары қарсы алып, жастарды отансүйгіштікке баулып, азаматтық рухын асқақтататын патриоттық әндер шырқады. Шара барысында "Адал жол" велошеруіне белсене қатысқан бір тол жастарға арнайы мадақтама мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

"Жеті сыр" ақпарат.


7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
Қазан №41 (331) 16.10.2015 жыл, 3 бет

Ертеңгі күнге сенім мол

"Сырдария" университеті Мырзашөл өңіріндегі жоғары оқу орны. Жоғары оқу орнында жас қыз-жігіттер сапалы білім алуды.
Өнегелі тәрбиені өз бойларына дарытуда.

Университетте "Нұр Отан" партиясының бастауыш партия ұйымы жұмыс жасауда.
Профессор оқытушылардың басым бөлігі осынау партияның белсенді мүшелері. Олар өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруда.
Экономика ғылымының докторы, профессор Бегім Серіков "Нұр Отан" партиясының мерейлі тәсбелгісімен марапатталды.

Университет профессоры, жазушы-журналист Нұргали Қадырбаев аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі.

Бастауыш партия ұйымы ардайым жастардың мақсатты әрі саналы түрде қоғамның белсенді мүшесі болуы үшін үлкен жауапкершілік танытуда.

"Сырдария" бастауыш партия ұйымы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" партиялық жобасы аясында жастар арасында көптеген үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ: студент жастар арасында "Таза сессия" акциясы өткізілді, оқу орындарында және көптеген қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы іс-шаралар өткізілді.

Университеттің бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында, мүгедек жаңдарға қолдау көрсету мақсатында мүгедектер үйінде студент жастардан құралған топ концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Мүгедек және отбасы жағдайы төмен жандарға заттай көмек көрсетіп, қолдау жасады.

Жоғары оқу орнының бастауыш партия ұйымы жастардың құқықбұзушылыққа бармауын қадағалау мақсатында "STOP-қылмыс" партиялық жобасы аясында көптеген іс-шаралар өткізді. Құқық қорғау және дін өкілдерінің қатысуымен студенттерге кездесулер ұйымдастырды.

Алдағы кезде де бастауыш партия ұйымы аудандағы көш басындағы партия ұйымдарының бірі болып қала беретіндігіне сеніміміз кәміл.

Нұрқасым ШЕГЕНБАЕВ, "Сырдария" бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Қазан №41 (331) 16.10.2015 жыл, 3 бет


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz
«Сырдария» университетінде