қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














16.09.2017

Тәрбие тәртіптен басталады


Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 15-қыркүйек күні мәжіліс болып өтті.

Университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков мәжілісті ашып, келген қонақтармен таныстырып, бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін атап өтті. Мақтарал ауданының прокуроры бұл мәселенің қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отырғандығын да айтты.





Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын айта келе, студенттерге жеке куәліктерін алып жүрулерін ескертті. Мақтарал ауданының прокуры Нұрғали Шекербекұлы өз баяндамасында: "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір тұлға өз тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізеді", - деген пікірін айтты.


Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы құқық қорғау қызметкерлері рейдке шыққанда, түнгі клубтарда, кафелерде жасөспірімдердің ішімдік ішіп, есірткі қолданып соңында бір-бірімен жанжалдасып, төбелесіп бір-бірін жарақаттау фактілерінің ауданымызда кездесіп жатқандығын тілге тиек етті. Осындай кемшіліктердің алдын алу үшін жастар бос уақыттарын спортпен шұғылдануға, мәдени орталықтарда көптеген үйірмелерге қатысуға арнаса, ішімдіктің, есірткінің зияндығы туралы дөңгелек үстелдер, кездесулер жиі-жиі өткізілсе, нұр үстіне нұр болатынын алға тартты.


Мақтарал ауданы сотының судьясы М.Ө. Жолдасбеков: "қылмыстық іс-әрекетпен зиян келген кез-келген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген көлемдегі құқықтар мен бостандықтарын қорғауға, яғни тиісті мемлекеттік органдарға жүгіне отырып, өздерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауын талап етуге құқылы",- деп сөз бастады. "Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында жасалынатын қылмыстардың қоғамға қауіптілігі және жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып дамымауы, криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың ішімдікке, нашақорлыққа, шылым тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға алып келуде", - деп, балалар мен жасөспірімдер, кәмелетке толмағандардың арасында орын алып жатқан жағдайларға тоқталып өтті.




Аталған кездесуді өткізудегі мақсат – сот жүйесіндегі жаңалықтар мен ондағы өзгерістер туралы,  сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын, әдістерін студенттерге түсіндіру болды.

Іс-шара барысында студенттерге соттың жұмысы, оның негізгі қағидалары мен мақсаттары, сонымен бірге сот жүйесіндегі өзгерістер туралы айтылды. Кездесу барысында студент жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, сала мамандарымен ой бөлісті.

Университет ректоры п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков қорытынды сөз алып, жастарды тәуелсіз еліміздің белсенді де үлгілі азаматтары болып өсуге шақырды.






Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу