қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













16.03.2012

"Есірткіге есің кетпесін" акция

2012 жылы наурыз айының 16-жұлдызында «Қазақстан» студенттер сарайында «Сырдария» университетінің студент жастары «Нұр Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының жүйелі кесте жоспарына сәйкес «Есірткіге есің кетпесін» жастар акция өткізді.
Сахна «Нұр Отан» партиясының билбортымен, салауатты өмір салтын насихаттайтын баннерлер, плакаттармен безендірілді. Студент ждастар «Біз есірткіге қарсымыз», «Есірткіге жоқ!» лозунгтар, «Нұр Отан» партиясының жалаушыларын ұстап шықты. Акцияда жастар концерттік бағдарлама қойып, салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлықтың салдары жайлы видео ролик көрсетілді. Сонымен қатар Асықата емханасының дәрігер нарколыгі Спабеков Марат баяндама жасады.

Жастар комитетінің төрағасы Аманов Нұржігіт өз сөзінде: «Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас қамал жоқ.

Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы. Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.

Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.

Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды! Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.

«Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!»

Студент жастар арасынан сөйлеген Құттымұрат Ақбілек өз сөзінде: «Есірткі қазақ халқының мәртебесін көтермес, дамыған елдердің қатарына жеткізбес, ең бастысы ата-бабаларымызды, ата-аналарымызды қуантпас, жас бүлдіршіндерімізге зор болашақ бермес.
Есірткінің көмегімен, Есірткі шеккен адам қоршаған ортасына зиянын тигізеді. Есірткі шеккен адамнаң арқасында көптеген жол апаттары болуда. Есірткі бүтін дүниедегі жол апаттарының басты себебі болғанындай, жұмыс қазаларына, поезд, ұшақ, пәлекеттеріне себеп болатын, отбасының тынышсыздығына және ажырасуларына жол ашатын, барлық қылмыс түрлерін арттыратын, жамандықтардың тамыры болған қас жауымыз.
Бұның бәрінен де сорақысы «Есірткіні өз аузыммен шексем, басқаға не залалы тиер»,- деп ойлайтыны. Есірткі шеккен адам есірткі арқылы ұрпақтарына өз басынан да артық зиян келтіретінін білер ме екен? Есірткі, адамның түп қайнарын улайды. Денеге байланысты аурулар білімі, тәжірибелер және ауруханаларда кездескендер есірткінің улы екенін кең көлемде дәлелдеген. Нәрестенің өлі туылуын да және ерте шетінеуінде маңызды бір себеп болған осы у.
Осы у қазақ халқының болашағына ғана зиянын келтіруде емес. Ол көптеген ұлт өкілдерінің болашағын жоюда. Есірткіні жоймасақ, есірткі бізді жояды. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық адамзат бірігіп есірткіні тоқтату керек.» деп жиналған көпшілікке үлен ой салды.



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу