қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.02.2013



“Сырдария” университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін Мақтарал ауданының мектеп бітірушілеріне арналған пәнаралық олимпиадасының

БАҒДАРЛАМАСЫ

14.04.2013 ж.

09.00 – 09.30 – Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу (“Қазақстан” студенттер сарайы)

9.30 – 10.00 – Олимпиаданың салтанатты ашылуы (“Қазақстан” студенттер сарайы)

10.00 – 13.00 – Олимпиада тапсырмаларын орындау

13.00 – 14.00 – Үзіліс

14.00 – 15.00 – Университеттің материалдық - техникалық базасымен танысу

15.00 – 16.00 – Концерттік бағдарлама (“Қазақстан” студенттер сарайы)

16.00 – 17.00 – Олимпиаданың жабылуы, марапаттаулар (“Қазақстан” студенттер сарайы)


“БЕКІТЕМІН”
“Сырдария” университетінің ректоры, т.ғ.к., доцент
С.Д. Мамраимов
_14_
________02______2013 ж.

2013-2014 оқу жылында “Сырдария” университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында 14 сәуірде өткізілетін Мақтарал ауданының мектеп бітірушілеріне арналған пәнаралық олимпиадасын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Осы ереже пәнаралық олимпиадасын өткізудің тәртібін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Олимпиада мақсаты:

- бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттау;

- ел Президентінің Қазақстан халқына арналған “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықты саламатты өмір салтына баулу;

- инновациялық жаңа технологияларды игеруге баулу;

- жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Олимпиаданың өткізілуіне жетекшілік ету:

  • олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуді арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Олимпиадаға қатысушылар:

- олимпиадаға барлық мектептердің бітіруші сынып оқушылары қатыса алады. Қатысуға өтініш сәуір айының 7-не дейін қабылданады. Мектептер бойынша қатысушылар санына шек қойылмайды. Оқушылар пән мұғалімінің жетекшілігімен қатысады.

Бағалау жүйесі мен жеңімпаздарды анықтау:

- бағалау жүйесі мен жеңімпаздарды анықтау бекітілген конкурстық комиссия тарапынан жүзеге асырылады.

Олимпиада жеңімпаздары:

- бірінші орын иегері университет грантына ие болады, (ҰБТ - нен 50 балл жинауы тиіс);

- екінші және үшінші орын иегерлері дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қатысатын пәні

Университет грантын жеңіп алатын мамандықтары

1

Биология

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В010300 - Педагогика және психология

5В011300 - Биология

5В060700- Биология

2

Физика

5В010900 - Математика

5В011000 - Физика

5В060200 - Информатика

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В012000 - Кәсіптік оқыту

3

Тарих

5В011400 - Тарих

5В011500 - Құқық және экономика негіздері

5В030100 - Құқықтану

4

 

География

5В011600 - География

5В050800 - Есеп және аудит

5В050900 - Қаржы

5

Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6

Ағылшын тілі

5В011900- Шетел тілі: екі шетел тілі

7

Химия

В5011200 - Химия

8

Шығармашылық емтихан (ән және саз )

5В010600 - Музыкалық білім

9

Шығармашылық емтихан (жеңіл атлетика)

5В010800 - Дене шынықтыру және спорт

10

Шығармашылық емтихан

(сурет салу)

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

 

11

Шығармашылық емтихан

(қол өнері және сурет)

5В042100 - Дизайн

“Тілдарын-2013” мектепаралық олимпиадасының

Жоспары

“Тілдарын-2013” мектепаралық олимпиадасы “Ағылшын тілі” пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Тілдер” кафедрасына қатысты 39 -аудиторияда сағат 10: 00-де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

Ағылшын тілін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау.

Олимпиада міндеттері:

- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру;

- тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру;

- жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1. Өзін таныстыру- ағылшын тілінде (3 минут).

2. “Тұсаукесер” тапсырмасы бойынша берілетін тақырыптарды

- ағылшын тілінде ( 15 минут) баяндау:

- салауатты өмір салты ;

- қазақтың төл мейрамдары ;

- денсаулық-зор байлық ;

- қазақтың ұлттық киімдері .

3. Тест (30 минут).

4. Мәтінді аудару (ауызша 10 минут).

“Сөз сыры” мектепаралық олимпиада

Жоспары

“Сөз сыры” мектепаралық олимпиадасы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасына қарасты 36 - аудиторияда, сағ. 10: 00-де өткізіледі

Олимпиада мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттау;

- бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

- төл тілімізге деген асқақ рухты нығайту;

- қазақ әдебиеті арқылы туған тарихымызды, елдігімізді, рухани өмірімізді танып білуге деген ынта-ықпалды күшейту;

- қазақ тілі мен әдебиеті арқылы жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды дарыту.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1. Білім тақырыбына эссе жазу.

2. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен тест тапсыру.

3. Ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе төл туындыларын мәнерлеп оқу.

“Сөз сыры” мектепаралық олимпиадасының

Ережесі

  1. Білім тақырыбында эссе жазу (30 минут).
  2. 1. Білім арзан, білу қиын.

    2. Ғылым – ақылдың шамы.

    3. Қазақстанның болашағы - білімді жастар.

    4. Білікті – бірді, білімді – мыңды жығады.

    5. ХХІ ғасыр – білім, ғылым ғасыры.

    6. Білім мен ғылым - өркениет бастауы.

  3. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен тест тапсыру (50 минут).
  4. Ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе төл туындыларын мәнерлеп оқу жарысы.

“Жас тарихшы - 2013” мектепаралық олимпиадасының

Жоспары

“Жас тарихшы - 2013” мектепаралық олимпиадасы Тарих пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Отан және шетел тарихы” кафедрасына қатысты 45 - аудиторияда, сағат 10: 00-де өткізіледі

Олимпиада мақсаты:

- Дүние жүзі және Отан тарихын жетік меңгерген, одан тағылым ала білетін қабілетті жастарды анықтау және қолдау.

Олимпиада міндеттері:

- тарих пәндері бойынша жастардың білімін арттыруға ықпал ету;

- тарих пәндерін меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;

- жастарды тарихтан тағылым ала білуге, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1. Қазақстан тарихы бойынша берілген тақырыпқа сай “тұсаукесер” өткізу.

2. Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы пәндері бойынша тест тапсыру.

3. Тарих пәндері (Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Өлкетану) бойынша жазған бір ғылыми жұмысын тапсыру және қорғау.

“Жас тарихшы” олимпиадасы 2013 ж.

5-6 минут, билеттік жүйе

I

“Тұсаукесер” тапсырмасы бойынша берілетін тақырыптар

1

Қазақстандағы тас дәуірі және оның ескерткіштері.

2

Қазақстан қола дәуірінде. Андрон және Бегазы-Дәндібай мәдениеттері.

3

Сақ тайпалары және олардың қоныстануы туралы жазба деректер.

4

Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.

5

Сақ бірлестігінің саяси-қоғамдық құрылымы, шаруашылығы және мәдениеті.

6

Ғұндар мемлекеті.

7

Үйсіндер және Қаңлылар мемлекеттері.

8

Көне түріктердің шығуы. Түрік, Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары.

9

Түркі дәуірінің Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ кезеңдері.

10

Қыпшақ хандығы.

11

Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

12

Қазақ өркениеті - қала мен дала мәдениетінің синтезі.

13

Түркі дәуіріндегі (VІ-ХІІ ғғ.) рухани мәдениет. Тіл, жазу, әдебиет және ғылым

14

Қазақстан монғол шапқыншылығы тұсында. Алтын Орда.

15

Қазақстандағы ХІV-ХV ғ.ғ. ортағасырлық феодалдық мемлекеттер.

16

Қазақ этногенезінің қайнар көздері және қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері.

17

“Қазақ”, “Алаш” атауларының шығуы. Қазақ жүздері.

18

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Қазақ хандары.

19

ХVІІ-ХVІІІ ғ. басындағы қазақ-жоңғар қатынастары.

20

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы (1723-1730 жж.)

21

Қазақстанның Ресей қоластына кіруі: көлеңкесі мен күнгейі.

22

Абылай хан – ұлы қолбасшы батыр, азаттық күресті басты ұйымдастырушы.

23

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың даму кезеңдері, ерекшеліктері мен тарихи маңызы.

24

ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.

25

ХІХ ғ. 1-жартысындағы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күрестері.

26

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

27

Алаш қозғалысы. “Алаш” партиясы және Алашорда үкіметі, олардың ұлт мүддесі жолындағы күресі.

28

Қазақстандағы Ақпан және Қазан төңкерістері, оған қазіргі таңдағы көзқарас.

29

Қазақстандағы индустрияландыру және оның салдары.

30

Кеңестік биліктің Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты және оның қасіретті зардаптары. Голощекин геноциді.

31

Қазақстандағы саяси репрессиялар және оның салдарлары.

32

Кеңес империясының Қазақстанға өзге халықтарды күштеп көшіру саясаты

33

Қазақстандағы ХХғ.20-30 жж. мәдени құрылыс: көлеңкесі мен күнгейі

34

Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезінде.

35

Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

36

Қайта құру жылдарындағы Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

37

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және оның тарихи маңызы.

38

Тәуелсіз Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.

39

“Қазақстан – 2030” Стратегиясы.

40

“Қазақстан - 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

“Жас тарихшы - 2013” мектепаралық олимпиадасының ережесі:

  1. Қазақстан тарихы пәні бойынша өтілетін “тұсаукесер” тапсырмасының сұрақтары билет түрінде үлестіріледі және оған жазбаша әрі ауызша жауап беріледі.
  2. Пән бойынша тест сұрақтары әр қатысушыға бір нұсқадан (25 сұрақ) беріледі.
  3. Қатысушылардың тарих пәндері (Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Өлкетану) бойынша жазған ғылыми жұмыстары 15-20 бет аралығында болуы тиіс. Ғылыми жұмыс Microsoft Word программасында А4 форматында дайындалуы қажет. Парақтың сол жағы – 3,0 мм, оң жағы – 1,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтары – 2,0 мм, жоларалық интервалы – 1,5 үлгісінде дайындалады.

Ескерту: ғылыми жұмыстар 7 сәуірге дейін қабылданады

“Жас физик - 2013” мектепаралық олимпиадасының

Жоспары

“Жас физик - 2013” мектепаралық олимпиадасы физика мен математика пәндері бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Жоғары математика және физика” кафедрасына қатысты 201 - аудиторияда, сағ. 10:00-де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

- физика және математика пәндерін насихаттау;

- бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

- физика және математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру;

- инновациялық жаңа технологияларды игеруге баулу.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі

- физикадан 2 есеп, математикадан 3 есеп жазбаша түрінде (90 минут);

- физикадан 15 есеп тест, математикадан 10 есеп тест (90 минут).

“Жас биолог - 2013 мектепаралық олимпиада

Жоспары

“Жас биолог” мектепаралық олимпиадасы “Биология” пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасына қарасты 9 - аудиторияда, сағат 10: 00 -де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

  • биологиядан тірі және өлі жүйелер арасындағы байланыстарды, заңдылықтарын, жекелеген түрлердің таралуын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, классификациясын, табиғи қорларын анықтауды үйрету;
  • бітіруші түлектер арасынан талапты, білімді және ізденімпаз жалынды жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада міндеті:

  • биология пәнінің ерекшеліктері туралы білімді меңгерту;
  • биология ғылымының біртұтас жүйе екендігі туралы білімдерін қалыптастыру;
  • өсімдіктер мен жануарлар құрылысын зерттеу, жан-жақты анықтау әдістеріне дағдыларын қалыптастыру;
  • биология ғылымы арқылы жас бітіруші түлектердің бойына таңдаған мамандықтары бойынша қызығушылықтарын арттыру.

Олимпиадаға қатысушылардың орындайтын тапсырмалары:

  1. Биология пәнінен тест тапсыру.
  2. Микроскоппен жұмыс істеу әдістемесі.
  3. Виртуальды тапсырмаларды орындау.

Ережесі

1. Биология пәнінен тест тапсыру (25 сұрақ, 30 минут)

А) ботаника

В) зоология

С) адам анатомиясы

D) адам мен жануарлар физиологиясы

Е) биохимия

F) генетика

2. Микроскоппен жұмыс істеу

А) микроскоп жәрдемінде бір жасушалы балдырлардың құрылысын түсіндіру.

В) микроскоп жәрдемінде қарапайымдыларды ажырата білу.

3. Виртуальды тапсырмаларды орындау

А) әр түрлі өсімдіктердің және жануарлардың виртуальды кескіндерінен мүшелерін дұрыс анықтай білу.

“Жас химик - 2013 мектепаралық олимпиада

Жоспары

“Жас химик” мектеп аралық олимпиадасы “Химия” пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасына қарасты “Инновациялық зерттеу орталығында” сағат 10:00 -де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

  • оқушыларды жаратылыстану ғылымдарына, оның ішінде химияға, қазіргі дәуірде қарқынды дамудағы химиялық технологияға қызықтыру;
  • бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

  • техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандықтарға оқушыларды ынталандыру;
  • химия ғылымының халық шаруашылығындағы тұрмыстық тұтыну заттарын өндіру саласындағы, өнеркәсіптегі, өндірістегі жетекші рөлін насихаттау;
  • химия бағытындағы дарынды оқушыларды ажыратып анықтау.

Олимпиадағы қатысушылардың орындайтын тапсырмалары:

  1. Химия пәнінен тест тапсыру.
  2. Химик- зерттеуші.
  3. Зияткер – химик интеллектуалды марафоны.

Ережесі

1. Химия пәнінен тест тапсыру (25 сұрақ, 30 минут)

- бейорганикалық химия ;

- органикалық химия.

2. Химик - зерттеуші

- химиялық сарамандық тапсырмаларды шешу.

3. Зияткер – химик интеллектуалды марафоны

- күрделі олимпиадалық есептерді шығару;

- химиядан логикалық сұрақтар.

“Жас географ - 2013 мектепаралық олимпиада

Жоспары

“Жас географ” мектепаралық олимпиадасы “География” пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасына қарасты 3 - аудиторияда, сағат 10: 00-де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

- құрлықтар мен мұхиттардың табиғатын кеңінен тани білу, Қазақстанның өнеркәсіп орындарын анықтау;

- бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарға қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

- географиялық және өлкетанушы білімнің кеңдігін анықтау;

- географиялық (білім, тәлім-тәрбие беріп, әрі экологиялық, экономикалық, өлкетанушылық, тарихи, саяси, картографиялық және т.б.) сауаттылықты жандандыру;

- география білімінің ауқымдылығы мен құндылығын жан-жақты ұғынып, жете сезінуіне ой салу.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1. География пәнінен тест тапсыру.

2. Картамен жұмыс жүргізу әдістемесі.

3. Құрлықтар бойынша тапсырмаларды орындау.

Ережесі

1. География пәнінен тест тапсыру (25 сұрақ, 30 минут)

1. Физикалық география.

2. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.

3. Қазақстанның физикалық географиясы.

4. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.

5. Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы.

2. Картамен жұмыс істеу әдістемесі

1. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу әдістемесі .

2. Әлем елдерін картадан көрсету.

3. Құрлықтар бойынша тапсырмаларды орындау

1. Еуразия материгі.

2. Африка материгі.

3. Оңтүстік Америка материгі.

4. Солтүстік Америка материгі.

5. Австралия материгі.

Жас суретші - 2013” мектепаралық олимпиада

Жоспары

Жас суретші мектепаралық олимпиадасы сурет, кескіндеме пәндері бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасына қарасты 25, 26 - аудиторияда, сағат 10: 00-де өткізіледі.

Олимпиада мақсаты:

- бейнелеу өнерінің заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы екендігін насихаттау;

- бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада міндеттері:

- бейнелеу өнері арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, мың құлпырған бояуын, жан-жануар дүниесінің алуан тірлігін танып білуге ынта-ықпалды күшейту;

- бейнелеу өнері арқылы ғылыми-танымдық түсініктерін қалыптастырып, бейнелеу өнерінің түрлерін үйрету;

- түстердің байланысын, үйлесімдік және рәміздік белгілерін, композиция заңдылықтарының дамуын дарыту.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

- Сурет. Тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың суретін салу /қаламсап/;

- Кескіндеме /Живопись/ Тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты бейнелеу /Акварель бояуы/.

“Жас суретші” мектепаралық олимпиадасының

Ережесі

№1 Емтихан. Суреттен орындалған жұмыстарды бағалау кезінде мына келесі қабілет пен білім деңгейлері ескеріледі:

  1. Композиция заңдылықтарын білу, суретті қағаз бетіне орналастыра білу /формат пен натюрморттың салыстырмалылық қатынасы/.
  2. Зат көлемі негізін, құрылымын түсіну деңгейі.
  3. Сызықтық, перспектива міндеттерін шешу деңгейі.
  4. Сурет салу кезінде көлемді заттардың көлемін бере білу қабілеті.

5. Сурет салу техникасын меңгеру (3) сағат уақыт беріледі.

№2 Емтихан. Кескіндемеден шығармашылық, емтихан жұмыстарын бағалау деңгейі:

    1. Композиция заңдарын шешу деңгейі.
    2. Көлемді заттар құрылымын тұрғызу дәрежесі.
    3. Акварель кескіндемесі құралдарын меңгеру дәрежесі.

    4. Кескіндеме натюрмортындағы түстер мен тональдық, қатынастарды көрсету деңгейі.

    5. Жұмыстың аяқталу дәрежесі /пішінді меңгеру, толықтыру, (3) сағат уақыт беріледі/.

    “Сән әлемі” мектепаралық олимпиада

    Жоспары

    Сән әлемі” мектепаралық олимпиадасы композиция, кескіндеме пәндері бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасына қарасты 23, 24 - аудиторияда, сағат 10: 00-де өткізіледі.

    Олимпиада мақсаты:

    - дизайн саласы арқылы өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерімен, қазіргі заманғы өндірістің негізгі бағыттарын жүйелеу системасына сәйкес идеяларды жасау әдістеріне бағыттау;

    - бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты, сәнгер жастарды анықтап, қолдау көрсету.

    Олимпиада міндеттері:

    - эскиз материалдарын орындауды, дайын жобалық идеяларды іске асыруды, түр-түстік графикалық шешімін таба білуге ынта-жігерін күшейту;

    - киімге түсірілген элементтерін салу, таңдаған нұсқаны дұрыс анықтау жолдарын танып білуге үйрету;

    - түстік заңдылықтарын табу, әр түрлі техниканы қолдана білу және композиция заңдылықтарының дамуын дарыту.

    Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

    - “Композиция” берілген тақырыптар бойынша композиция құрайды

    / акварель, гуащь, түсті қарындаш, фломастер/;

    - “Сурет” Қыш құмырамен және жеміс жидектерден құралған натюрморттың суретін салу /қаламсап/.

    Сән әлемі
    мектепаралық олимпиадасының

    Ережесі

     

    1- Емтихан “Композиция”

    1. Жас қыздар киім үлгілерін сәндік әшекей бұйымдармен орындау, /тесьма, аппликация/.

    2. Ұлттық ою-өрнекті жас қыздарға арналған киім үлгісі.

    3. Кесте элементтерімен әшекейленген қалыңдық киімінің үлгісі.

    4. “Гүл көктем” тақырыбына образды ассоциативті костюм үлгісі.

    5. Киім үлгісін зергерлік әшекей бұйымдары негізінде орындау.

    6. “Бұйымдық әлем” тақырыбына образдық ассоциативті костюм композициясы.

    7. “Алқа” тақырыбына образды ассоциативті костюм композициясы.

    8. “Өсімдіктер әлемі” тақырыбына образды ассоциативті костюм композициясы.

    9. “Ою-өрнек” тақырыбына образды ассоциативті костюм композициясы.

    10. “Сырмақ” тақырыбы бойынша сәндік қолданбалы негізге байланысты костюм үлгісі.

    11. Ерлердің жұмыс бабындағы костюм.

    12. Сәндік қолданбалы өнер негізінде композициялық киім үлгісі “Қоржын” /жұмсақ пластика/.

    13. Мерекелік киім үлгісіне ұлттық ою-өрнек қолдану.

    №2 Емтихан. Суреттен орындалған жұмыстарды бағалау кезінде мына келесі қабілет пен білім деңгейлері ескеріледі:

    1. Композиция заңдылықтарын білу, суретті қағаз бетіне орналастыра білу /формат пен натюрморттың салыстырмалылық қатынасы/.

    2. Зат көлемі негізін, құрылымын түсіну деңгейі.

    3. Сызықтық, перспектива міндеттерін шешу деңгейі.

    4. Сурет салу кезінде көлемді заттардың көлемін бере білу қабілеті.

    5. Сурет салу техникасын меңгеру.

    “Өнер құдіреті” мектепаралық олимпиада

    Жоспары

    „Өнер құдіреті“ мектепаралық олимпиадасы “Негізгі музыкалық аспап” пәні бойынша 2013 жылдың 14 сәуірінде “Музыкалық білім” кафедрасына қарасты 2 - аудиторияда, сағат 10:00 - де өткізіледі.

    Олимпиада мақсаты:

    • қазақ халқының ән-күйлерін, шетел және дүниежүзі композиторларының шығармаларын насихаттау;
    • бітіруші сынып оқушылары арасынан талапты, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

    Олимпиада міндеттері:

    • ұлттық музыкалық үн-әуенімізді дәріптеу;
    • музыкалық өнердің көркемдік ерекшеліктері мен тарихын танып білуге деген ынта-ықпалды күшейту;
    • Қазақстан композиторлары, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің шығармаларын дәріптеу.

    Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

    • домбыра аспабы бойынша төкпе және шертпе күйлер мен күрделі формадағы шығарма орындау;
    • баян, фортепиано аспаптары бойынша қазақ және классик композиторларының пьесалары мен өңделген халық музыкасын орындау.

    “Өнер құдіреті” мектепаралық олимпиадасының

    Ережесі

    1. Домбыра аспабы бойынша орындалатын шығармалар:

    1. Күрделі формадағы шығарма.
    2. Төкпе күй.
    3. Шертпе күй.

    2. Баян аспабы бойынша орындалатын шығармалар :

    1. Классик композиторлардың пьесасы.
    2. Қазақ композиторлардың шығармасы.
    3. Сырнайға лайықталған немесе өңделген халық музыкасынан шығарма.
    4. Мектептегі музыка тыңдау репертуарынан шығарма.

    3. Фортепиано аспабы бойынша орындалатын шығармалар:

    1. Полифониялық шығарма.

    2. Күрделі формалы шығарма.

    3. Қазақстан композиторларының пьесасы.

    “Денсаулығы мықты жастар - халық болашағы” мектеп аралық олимпиада

    Жоспары

    Президенттік сынама (жеңіл атлетика) бойынша 2013 жылдың 14 сәуірде “Қажымұқан” орталық спорт кешенінде “Дене шынықтыру және спорт” кафедрасының ұйымдастыруымен сағат 10: 00 - де өткізіледі.

    Олимпиада мақсаты:

    - Ел Президентінің Қазақстан халқына арналған “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықты салауатты өмір салтына баулу;

    - “Денсаулығы мықты жастар - халық болашағы” атты бағдарламаға сәйкес жастарды салауатты өмір сүруге шақыру;

    - күнделікті өмірде қарапайым халықтар арасында дене шынықтыру, сауықтыру, спорттың деңгейін дамыту жұмыстарын енгізу;

    - жеңіл атлетиканы дәріптеу.

    Олимпиада өтілу тәртібі:

    - жарыс президенттік сынама (жеңіл атлетика) бойынша өткізіледі.

    “Сырдария” университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін Мақтарал ауданының мектеп бітірушілеріне арналған пәнаралық олимпиадасына қатысуға

    Өтініш

    1

    Оқушының тегі, аты - жөні

     

    2

    Мектебі

     

    3

    Мекен-жайы

     

    4

    Қатысатын пәні

     

    5

    Телефон (ұялы, үй)

     

    Ескерту: Оқушылардан олимпиадаға қатысу үшін өтініш 7 сәуірге дейін Бас оқу ғимаратының 12 - кабинетінде қабылданады.



    Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу