қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

15.09.2016

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі"


Қазақстан - Ұлы Дала Елі

"Сырдария" университетінде "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы болып өтті. Оны Ғылыми істер жөніндегі маман Аманбаев Нұржан Сапарұлы жүргізді.

Жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының шеңберіндегі 87-ші "қадамды" жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылатындығы айтылды.

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасы заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген. Қосымша Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасын пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Қазақстан мемлекеті туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып танылады. Қосымша тұтастай алғанда 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және "ЭКСПО-2017".

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Lant of theGreat Steppe енгізу қажет.

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Университет қызметкерлері мен оқытушылары қосымшаны өздерінің ашық сабақтарында, слайдпен жұмыс жасағанда, тренинг, т.б. қажеттіліктерінде, ақпараттық-имидждік жұмыстарда қолдануға болады. Кешегі егемендікке, тәуелсіздікке жете алмай кеткен ақын-жырауларымыздың асқақ арманы Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында орындалып отыр. Жаңа өнімді пайдалана отырып, біз Қазақ елі – Мәңгілік ел екендігімізді көрсете аламыз. Бұл нағыз - дәстүр жалғастығы.

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасын оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер оқу процесінде пайдалана алады. Оны электронды кітапханадан, университет сайтынан қарап, танысуына мүмкіндіктері бар.



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz