қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













15.04.2012

15 сәуір - қазақтың махаббат мерекесі

«Сырдария» университетінде жастар комитетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 13-жұлдызы күні «Қазақстан» студенттер сарайында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай «Махаббат саябағы» атты қойылым қойды.
Сахна саябақ сияқты етіп безендіріліп, қазіргі заман жастарының «махаббат» атты ұлы сезімді қалай түсінетіндігі айқын көрсетілді. Қойылымда махаббат жайлы әндер айтылды. Және саябақтағы ғашық жандардың кездесуін еш бояусыз көрсетіп, құдіретті күш махаббатты кеңінен насихаттады.
Қойлымда көрермен қауымға «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған арнайы видео ролик көрсетілді.
Сонымен қоса, махаббат атты сезімді аса жоғары бағалаған тұлғалар Абай мен Тоғжанның махаббат жолдарынан үзінді қойылды.

Әлбетте көктем мезгілі - шабыт пен шынайылықтың, тазалық пен мөлдірліктің бас-тауы. Көктем - махаббат деген ұлы ұғым-ның синонимі іспеттес. Дәл осы мез-гілде жастардың арасында махаббат се-зімінің алғашқы ұшқындары пайда бола бас-тайды.
Осы ретте жас ұрпаққа ға-шық-тықтың қандай болатынын, махаббаттың құны қаншалықты қымбат екенін тү-сін-діру - барша қоғамға жүктелер міндет.
Сезім мен сенім мәнін жоғалтып, жастар арасында желігу басым боп тұрған мына заманда, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Ке-бектің арасындағы нағыз махаббатты насихаттауымыз керек.
Сонда ғана жас ұрпақ махаббаттың құнын төмендетпейді.
«Сырдария» университетінің студент жастары осындай игі бастаманы кеңінен насихаттауды қолға алмақ.



Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу