қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.04.2016

Жаратылыстану және математика факультетінің жеңістері

Үстіміздегі жылдың 29-31 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биология мамандығы бойынша дәстүрлі VIII студенттердің Республикалық пәнаралық олимпиадасы өтті. Еліміздің сан тараптарынан келген ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік университеттердің ең үздік студенттері қатысқан бұл байқауға "Сырдария" университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Әбілхайыров Сәкен Ысқақұлы жетекшілік еткен "Жерұйық" құрамасы да қатысты. Өте тартысты өткен екі теориялық, бір практикалық кезеңнен тұратын Республикалық пәнаралық олимпиаданың ІІ кезеңіндегі құрамында 5В060700-"Биология" мамандығының 3 курс студенттері Мухтарова Гуландон, Нұрман Ботагөз және Алтынбек Назым бар "Сырдария" университетінің "Жерұйық" құрамасы командалық есепте жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Олимпиаданың жабылу салтанатында сөз алған Республикалық пәнаралық олимпиаданың ұйымдастыру комиссиясының төрағасы б.ғ.д профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы жарысқа қатысқан ұлттық, мемлекеттік университеттердің арасында жалғыз жеке меншік университеттің топ жарғандығын ерекше атап өтіп, "Сырдария" университетіне толағай табыстар тіледі.

Профессор С.Т.Төлеуханов Қазақ Ұлттық университетінің биология және химия оқытушы мамандығын және магистратураны үздік дипломмен бітірген С. Әбілхайыровтың университетте оқып жүрген кездерінде республикалық, бүкілодақтық жарыстарға қатысып жүлде алғандығын айта келіп, енді сол тәжірибелерін студенттерге білім беру ісіне жұмсап жүрген шәкіртінің табыстарын мақтаныш ететіндігін жасырмады. Олимпиадаға қатысқан студенттер Қазақ Ұлттық университетінің Әл-Фараби музейін, биология музейін аралап, Алматы қаласының әсем орындарында болып, осындай іс шараларға әрдайым қатыстыруға ден қоятын университет басшылығына деген үлкен ризашылық сезіммен, ауылға жақсы әсерлермен оралды.

Жетісудағы химиктер жарысы

Жаратылыстану және математика факультетінің биолог студенттерінің жеңісімен қанаттанған факультеттің химия мамандығының студенттері Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне химия мамандығы бойынша дәстүрлі VIII студенттердің Республикалық пәнаралық олимпиадасына аттанды. Еліміздің әр тарабынан небір дүлдүл жүйріктер қатысқан бұл додаға "Сырдария" университетінің инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ғылым магистрі Әбілхайыров Сәкен Ысқақұлы жетекшілік етуімен химия мамандығының студенттері Азимова Зарина, Жанзақова Гүлназ, Тешебаев Қанат та қатысты. Сәуірдің 7-8 жұлдызында жер жәннаты Жетісудің орталығы әсем Талдықорған қаласында өткен бұл додада Сырдария" университетінің құрамасы командалық есепте орын алмағанмен, жеке біріншілікте Тешебаев Қанат еліміздің ең майталман үздік 42 студенттері арасынан топ жарып жүлделі 2 орынды иеленді. Бұл жарыста теориялық кезеңде мүмкін болатын 300 балдан 268 балл алып, 2 орынды иеленген студенттеріміздің табыстарын атап кеткен өте орынды. Шәкірттеріміздің бұл телегей табыстары оларға ерінбей ұзтаздық етіп, химия ғылымының қыр-сырларын меңгертіп жүрген химия ғылымдарының кандидаттары Ибраимов Шыназбек Ибраимұлы, Қобланова Оңғаркүл Нұрмахамбетқызы, ғылым магистрлері Құлымбетова Оңласын, Абдуразова Перизат, Шорабекова Өлмес сынды абзал ұстаздардың жемісі екендігі айдан анық.

Жарысқа қатысқан Зарина, Гүлназ, Қанат басқа университет студенттерімен достық қарым-қатынастар орнатып, Жетісудың әсем жерлерін, өлкетану музейлерін, және қайту сапарында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетін аралап, материалдық-техникалық базасымен, жетістіктерімен танысып, осында магистратураға түсуге ниеттерін білдіріп, осындай мүмкіндіктер беріп отырған өз университетіміздің басшылығына, құрылтайшыларына шексіз ризашылығымен, алған әсерлерін құрбы құрдастарымен бөлісуге ауылға асыға оралды.

"Сырдария" университетінің ұстазы- зияткерлік клуб мүшесі.

"Сырдария" университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Әбілхайыров Сәкен Ысқақұлы студенттермен олимпиадаға барған сапарларын университет үшін пайдалы да мәнді етуге тырысып, Хабар агенттігінің Білім және мәдениет каналында эфирге шығатын "Бәйтерек" зияткерлік додасына қатысып, өз құрамасымен апталық ойын жеңімпазы ретінде Қазақстанның зияткерлік клубына мүшелікке қабылданды. Тартысты өткен апталық ой жарысын үстіміздегі жылдың 8 мамырында кешкі сағат 1800 де "Білім және мәдениет" арнасынан "Бәйтерек" зияткерлік ойыны хабарында көре аласыздар.


Ресей, Өзбекстанда білім, ғылымның алдыңғы қатарындағы жаңалықтарды насихаттап, жарнамалайтын зияткерлік клубтар бар, ал Қазақстанда жоқ екендігі белгілі, сол себепті Хабар агенттігінің продюсері Жанар Адамбаева ұйымдастырып отырған бұл зияткерлік ойынның мақсаты - еліміздің зияткерлік элитасын құру, Ресейдегі "Не, қайда, қашан?" деп аталатын зияткерлік ойыны тәрізді шоу ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың білімге, мәдениетке деген құлшынысын күшейту, білім- ғылымды насихаттау болып табылады. Қазіргі өткізіліп жатқан "Бәйтерек" зияткерлік додасының мақсаты- осы клубқа өткір ойлы, терең білімді, ұшқыр қиялды азаматтарды жинақтау. Талантты жүргізуші Ержан Жұмабек Сәкен Ысқақұлы құрамасының өте жақсы ойын өрнегін көрсеткендігін тілге тиек етіп, тапқыр жауаптарына дән ризашылығын білдірді.

Ойын барысындағы интервьюде туған жерінің, университетінің патриоты С. Әбілхайыров Жетісай қаласындағы "Сырдария" университетінің жай-күйін, телегей табыстарын, жетістіктерін тамсана әңгімелесе, ал ойын соңында продюсер Жанар Адамбаева жер жәннаты Жетісайдың өзіне ерекше таныс екендігін, онда достары бар екендігін, Мырзашөл өңірінің құт мекен екендігін айтып, осындай ұстаздар, жеңімпаз студенттер тәрбиелеп отырған "Сырдария" университетіне сәуір айының 18-23 ші аралығында мемлекеттік аккредитациядан сүрінбей өтуіне, университет ұжымына творчестволық табыстар тіледі.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz