қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.04.2016

Халықаралық деңгейдегі Ресей мемлекеті және Мақтаарал аудандық білім бөлімімен бірлескен пәндік көрме-олимпиадасы өтті

Фотогалерея

Халықаралық деңгейдегі Ресей мемлекеті және Мақтаарал аудандық білім бөлімімен бірлескен пәндік көрме-олимпиадасы өтті

Кез келген елдің білім беру жүйесі заман талабына сай қоғаммен бірге дамып, үнемі жетіліп отырады. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты мақсаты білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып отыр.

Университетіміздің "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері де осы аталған межелі мақсаттарды жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп білім алуда. Оның бір дәлелі "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі" және "Екбекке баулу әдістемесі" пәндерінен көркемсурет шығармалары мен таптырмас қолөнер бұйымдарын жасап, болашақтағы ұстаздық жолында пайдаланып, жан-жақты ойлай алатын, жұмысқа қабілетті, жеке ой-пікірі қалыптасқан, ел ертеңін құраушы жас ұрпақты тәрбиелеуді көздеп отырған студенттердің қарқынынан анық аңғаруға болады.

Аталған пәндердің негізінде "Педагогика және психология" кафедрасының ұжымы "Бейнелеу өнерінің биігі, бастауышта" атты мектептің бастауыш сынып оқушылары мен пән мұғалімдерінің және университеттің "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының болашақ педагогтары арасындағы халықаралық деңгейдегі Ресей мемлекеті және Мақтарал ауданының білім бөлімімен бірлескен пәндік көрме-олимпиадасын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты, бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігіндегі оқушылардың зейінділігін арттыру, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін көрсете білу, Қазақстан Республикасының отансүйгіш азаматын эстетикалық, имандылық, этикалық, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге және де Қазақстан бейнелеу өнері мен мәдениетін толеранттылық-үйлесімді қарым-қатынас бастауларын ұғындыруға бағытталған. Сондай-ақ университет пен мектеп арасындағы достық, әріптестік байланыстарды нығайту, білім беру жүйесін жетілдіру және тәжірибе алмасуды көздейді.

Пәндік көрме-олимпиадасына арнайы келген Омбы қаласында орналасқан, Ресей федерациясы жанындағы қаржы универсиетінің ғылыми істер жөніндегі директор орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Хаиров Бари Галимович қатысушылардың шығармашылық жұмыстарына таңданыспен қарап, жоғары бағасын берді. Шалғайда орналасқан "Сырдария" университетінде талантты да дарынды, білікті мамандар даярланып жатқандығын және университеттің мектептермен шығармашылық байланыс орнатып, осындай іс-шараны өткізіп жатқандығын айырықша атап өтті.

Пәндік көрме-олимпиадасының қорытындысы бойынша Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінен келген 2 сынып оқушылары Құрбанбекова Мариям және Абубакирова Сезім халықаралық деңгейдегі дипломмен марапатталса, М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Увайдан Ақбота мен жетекшісі, аталған мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Наушабеков Бекбол Алтынбекұлы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Университет студенттері арасынан Бпә-14 тобының студенті Қозыбағарова Фарида және Бпә-13 тобының студенті Шәріп Аяжан І дәрежелі дипломмен мараппатталды. ІІ дәрежелі дипломмен Тыныштық Гүлмира және Ержигитова Гулжаухар марапатталса, ІІІ дәрежелі дипломмен Құрымбаева Замира және Арапбек Ұлжан марапатталды.

Пәндік көрме-олимпиадасына қатысқан университет ректоры С.С. Дайырбеков және оқу істері жөніндегі проректор С.Д. Мамраимов іс-шараға жоғары бағасын беріп ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Бұл көрменің өткізілуіде текке емес. Бейнелеу өнері оқушылардың көркемдік ой-өрісі кең, қиялы ұшқыр, санасы сергек, сезімтал, мәдени, рухани, эстетикалық дүниетанымы мол, көкірек көзі ашық, саналы ұрпақ етіп тәрбиелейтін бірден бір пән екендігін халықаралық деңгейдегі өткізілген пәндік көрме-олимпиадасы дәлелдей түсті. Осы аталған қасиеттер өз деңгейінде бала бойынан орын алмаса, ауыр рухани-адамгершілік шығынға ұшырауымыз белгілі. Бұл дегеніміз ел болашағына алаңдаушылық тудыратын жәйт деуімізге болады. Сондықтанда осы қасиеттерді оқушы санасына сіңіріп, адамдық болмыстың биік шыңымен байланыстырып, бір арнаға түсіретін алтын көпір ол, бейнелеу өнері екендігін ұғынуымыз және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет.

Кезінде ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұлан "Әр халықтың әдемілікке, сұлулыққа, өнерге деген көзқарасын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Қазақ халқының салт-дәстүрі көшпелі болғанымен, өнері көшпелі болған емес. Өнерде өзіндік қолтаңбасы жоқ халық өледі" – деген болатын. Демек бейнелеу өнерін жүйелі оқыту, оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қойып отыр. Қазіргі дамыған заманда білімді бәсекеге төтеп беретін өз ісінің маманын тәрбиелеп шығару басты мақсатымыз. Бейнелеу өнері сабағы бастауыш мектеп қабырғасында жүзеге асырылатындығынан, оны жүйелі, қызықты өткізу, балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру тікелей пән мұғаліміне байланысты екендігі даусыз. Сондықтан да өзге елдердің алдындағы өресіміздің биік болуын көздесек, бастауыш сыныптарда оқытылатын бейнелеу өнері мен еңбекке баулу пәндерінің болашақ мұғалімдеріне осы бағытта жүйелі білім бере білуіміз қажет.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы "Педагогика және психология"кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Фотогалерея


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz