қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.04.2014

«Қозы көрпеш Баян сұлу» күні

«Сырдария» университетінде 15-сәуір «Қозы көрпеш Баян сұлу» күніне орай «Махаббат мәңгі ертегі» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылып өтті.
Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалауын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.
Махаббат-дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы көрпеш Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.
Мереке 1999 жылдан бері өтіліп келуде, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір «Ғашықтар күні» болып аталып кетті.

«Махаббат мәңгі ертегі» атты мерекелік іс-шара.

Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген.
Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек.
Осынау айтулы мерекеге орай «Сырдария» университетінде «Гуманиталық және бизнес» ғылыми мектебінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Махаббат мәңгі ертегі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Кеште өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілін жаулап алды. Атап айтар болсақ: Н.Ақберді, Н.Тастеков, З.Рашидова әсем әуенді әндерімен тербетсе, «Болашақ Сырдария», «Сыр барыстары» КВН командалары жұрт көңілін қуантты.
Б.Асықбаев, Г.Сәулетова жыр маржандарынан тарту етсе, «Дайменс», «Сыр сұлулары» би топтары мың бұрала биледі. Кеш барысында ең қызық сәті университет студенттерінің арасынан Қозы Көрпеш-Баян сұлуын анықтау болып, «Қаржы» мамандығының 3-курс студенті Әбдіразақ Сайд пен «Бастауышта оқыту педагогикасы» мамандығының 1-курс студенті Мәулен Нұргүл атанды. Кеш қызықты өтіп, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Кеш соңы би кешіне ұласты.

А.Амангелдіқызы
15-04-14/thn00001.jpg 15-04-14/thn00002.jpg 15-04-14/thn00003.jpg 15-04-14/thn00004.jpg 15-04-14/thn00005.jpg 15-04-14/thn00006.jpg
15-04-14/thn00007.jpg 15-04-14/thn00008.jpg 15-04-14/thn00009.jpg 15-04-14/thn00010.jpg 15-04-14/thn00011.jpg 15-04-14/thn00012.jpg
15-04-14/thn00013.jpg 15-04-14/thn00014.jpg 15-04-14/thn00015.jpg 15-04-14/thn00016.jpg 15-04-14/thn00017.jpg 15-04-14/thn00018.jpg


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу