қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.02.2013

«Интеллектуалды жастар»



«Сырдария» университетінде «Сырдария» бастауыш партия ұйымы мен «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» бірлесе отырып елбасы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 15 ақпан күні «Интеллектуалды жастар» атты байқау ұйымдастырды.

Байқауға «Сырдария» университетінен «Нұрболашақ» және «ЖасӨркен» командалары қатысса, «Жанықұл» медицина колледжінен «Достық» командасы, Жетісай медицина колледжінен «Онлайн» командасы қатысып бақ сынады. Сайыстың өту барысы төмендегідей:
- команданы таныстыру (үш тілде2-3 минут);
- капитан команда қазақ тілінде баяндама жасайды («Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша 3-4 минут);
- жеребе бойынша түскен 7 бағыттың біреуін үш тілде айтып беру (4 минут);
- сұрақ-жауап (стратегияға байланысты үш тілде);
- үй тапсырмасы (еркін тақырып 5-7 минут). Байқауды ашып беру үшін «Нұр Отан» ХДП іс-басқарушысы Нұрымбетов Мұрат сөз сөйлеп, ауданымызда Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Командаларға «Сырдария» университетінің оқытушысы, «Мақтарал» ауданының құрметті азаматы профессор, жазушы Н.Қадырбаев, «Қайнар» гимназия мектебінің ұстаздары Салихова Ұлжан, Калдарбекова Сәуле, Тұрманжанова Орынпаш төрешілік жасады. Командалар сайыс барысында «Қазақстан-2050 стратегиясын» жан-жақты талқылап, егжей-тегжей оқып, ұғынғандығын көрсетті.

І этап сәлемдесу бойынша командалар өздерінің «үштұғырлы тіл» саясатын қолдайтындығын көрсетсе, ІІ-ІІІ-ІҮ этаптарда «Қазақстан-2050» стратегиясын мүдірмей үш тілде айтып берді. Ү этап үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалған командалар көрерменнің көз айымына айналды. Нәтижесінде 3-орын «Жанықұл» медицина колледжінен «Достық» командасы, 2-орын «Сырдария» университеті «Жасөркен» командасы, 1-орын Жетісай медицина коледжінен «Онлайн» командасы, бас жүлдені «Сырдария» университетіне қатысқан «Нұрболашақ» командасы жеңіп алды. Командалар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Сырдария» университетінің атынан шыққан «Жасөркен» командасының капитаны Ортаева Айгерім «Тіл шебері» Зулпыбекова Айгүл «Көрермен көз айымы» «Нұрболашақ» командасының капитаны «Үздік ойыншы», Муминова Сурая «Тіл шебері» номинацияларын жеңіп алды.

«Интеллектуалды жастар» сайысына қатысқан жастар «Қазақстан - 2050» стратегиясы қазақ халқы үшін жаңа бет-бұрыс екендігін, қазақ елі биік асулар өткелінде тұрғандын айта отырып, биік асуларды бағындыру жолында айрандай ұйыған ауыз біршілік керектігіне ерекше тоқталып өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар аруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін.» деп жастарға үміт артып, сенім білдіріп отыр, міне, бүгінде жастарымыз кемеңгер көшбасшының сарабдал саясатын қолдап қуаттап, өздерінің белсенділіктерін танытуда.



Басқа жаңалықтар

«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу