қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

15.01.2016

"Тәуелсіз Қазақстанның 25-жылдығына" арналған "Денсаулық" спартакиадасы

Суреттер

Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Н.Шегенбаевтың бастауымен университетіміздің профессор-оқытушылары және қызметкерлері арасында "Тәуелсіз Қазақстанның 25-жылдығына" арналған "Денсаулық" спартакиадасы өтті.

Бұл спартакиаданың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым арасында іскерлік пен татулықты нығайту. Спартакиадаға "Жаратылыстану және математика" факультеті, "Гуманитарлық білім" факультеті, "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті, "Сырттай және қашықтықтан оқыту" факультеті, әкімшілік шаруашылық бөлімі, бөлімдер мен орталықтар қатысты.

Сайысқа қатысушылар баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, футбол, арқан тартыс атты спорт түрлерімен сайысқа түсті. Он күнге созылған тартысты спартакиаданың қорытындысы төмендегідей нәтижелермен аяқталды

І. Баскетбол
1 орын - "Жаратылыстану және математика" факультеті
2 орын- Бөлімдер мен орталықтар
3 орын - "Гуманитарлық білім" факультеті
4 орын - "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
5 орын - Әкімшілік шаруашылық бөлімі

ІІ. Волейбол
1 орын - Бөлімдер мен орталықтар
2 орын- "Жаратылыстану және математика" факультеті
3 орын – "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
4 орын - Әкімшілік шаруашылық бөлімі
5 орын - "Гуманитарлық білім" факультеті

ІІІ. Үстел теннисі
1 орын - "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
2 орын- "Жаратылыстану және математика" факультеті
3 орын –"Гуманитарлық білім" факультеті
4 орын – Бөлімдер мен орталықтар
5 орын - Әкімшілік шаруашылық бөлімі

ІV. Шахмат
1 орын - "Гуманитарлық білім" факультеті
2 орын- "Жаратылыстану және математика" факультеті
3 орын –"Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
4 орын – Бөлімдер мен орталықтар
5 орын - Әкімшілік шаруашылық бөлімі

V. Кір тасын көтеру
1 орын - "Жаратылыстану және математика" факультеті
2 орын- Әкімшілік шаруашылық бөлімі
3 орын –"Гуманитарлық білім" факультеті
4 орын –"Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
5 орын - Бөлімдер мен орталықтар

VI. Футбол
1 орын - Бөлімдер мен орталықтар
2 орын- "Жаратылыстану және математика" факультеті
3 орын –"Гуманитарлық білім" факультеті
4 орын –"Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті
5 орын - Әкімшілік шаруашылық бөлімі

VII. Арқан тартыс
1 орын - "Жаратылыстану және математика" факультеті
2 орын- Әкімшілік шаруашылық бөлімі
3 орын – Бөлімдер мен орталықтар
4 орын –"Гуманитарлық білім" факультеті
5 орын - "Шығармашылық және жаңа технологиялар" факультеті

Ал, жалпы есеп бойынша "Жаратылыстану және математика" факультеті І-орынды қанжығасына байлап, бас жүлде компьютер және кубокпен марапатталды.

ІІ-орынды бөлімдер мен орталықтар алып 3-1 принтері және грамота тапсырылды.

ІІІ-орынды "Гуманитарлық білім" факультеті иеленіп, принтер және грамотамен марапатталды. Басқа командаларға ынталандырылған сыйлықтар табыс етілді. Тартысты ойында көзге түскен профессор-оқытушылар, қызметкерлер "Үздік ойыншы" номинациясына ие болып, спорттық формалар және грамоталармен марапатталды. Олар:

І. Баскетбол-Тастеков Нұрбек Қалдарбекұлы
ІІ. Волейбол – Жолдасов Сазахан Аманұлы
ІІІ. Үстел теннисі-Кожахметов Юлдаш
ІV. Шахмат-Жидебаев Кудайберген
V. Кір тасын көтеру- Аяшев Ербол Орынбасарұлы
VI. Футбол-Сарсенбаев Марат Ташкенбайұлы

Сайысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңіс жеңіске ұлассын.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова

Суреттер


Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz