қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

14.12.2013

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара

Тәуелсіздік –бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – бақыты ғой жерімнің.
Қолға қонған бақ құсындай аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

Галерея (42 сурет)

14-желтоқсан күні «Қазақстан» студенттер сарайында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- тұғырым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Іс-шара барысында «Сырдария» университетінің ректоры С.Д.Мамраимов сөз сөйлеп барша ұстаздар қауымын, студенттерді еліміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Сырдария» университетінің тәрбие істері жөніндегі проректоры Д.Әбдіғали «Тәуелсіздік – бабалар арманы» атты баяндамасын оқыды және Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік апталығының» қорытындысын жариялады.
Апталық барысында мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылған болатын.
Жарыс нәтижесі бойынша белсенді қатысқаны үшін «Гуманитарлық білім» факультеті мен «Кәсіптік білім және өнер» факультеті, 3-орын «Химия және биология» факультеті (10мың теңге) , 2-орын «Математика және экономика» факультеті (15 мың теңге), 1-орын «Сырттай оқу» факультеті (20 мың теңге) алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған команда мүшелеріне медальдар тағылды. Өз кезегінде Тәуелсіздік құрдасы Нұрбеков Шоқан баяндама оқып, барша студенттер қауымын білім мен бәсеке заманында салауатты білім алуға шақырды.

Ел президенті Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп келе жатқандығы және ел тәуелсіздігінен бергі атқарылған біршама игі істер баяндалған «Тәуелсіздік- тұғырым» атты видеоролик көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік іс-шара университет өнерпаздары, атап айтар болсақ, оқытушы М.Тілеубайқызы, «Ай-ару» дуеті, Г.Исламова, С.Молдабай, Г.Надырова, Ғ.Қосан, М.Амирханова, М.Алипбаева және «Назерке» би тобы өз өнерлерін жұртшылыққа паш етті.

«Математика және экономика» факультетінің деканы деканы Т.Алипбаев сөзге шығып, студенттер арасында өткен ғылыми конференция студенттерін марапаттады.

«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканы Ә. Ержан сөз кезегінде қазақ елінің мерекесі ұлы мерекесімен құттықтап, «қазақ елі биіктерде самғасын» деген ақ тілегін жеткізді. Кеш соңы Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Галерея (42 сурет)



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу