қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














14.12.2017

Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұраным

Еліміздің Тәуелсіздігі күні мен университеттің 20 жылдығына орай желтоқсан айының 13-жұлдызында "Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұраным" тақырыбында студенттік конференция болып өтті.
Университеттің жалынды жастарынан құралған "Елбасы серіктестері" ұйымы ұйымдастырған басқосудың мақсаты – тұғыры нықталған тәуелсіздік күнінің мән-мағынасын студенттер арасында насихаттау. Белсенді жастар ұстанымдары үйлескен конференцияда Шәмші Гүлсім, Жұлдызхан Әйгерім, Тұрсынхан Әйгерім, Қадір Шолпан, Ғалымбек Гүлжайна баяндама жасады.

Конференцияға қатысып, жастарға қолдау білдірген Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.Д.Мамраимов, Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы К.А.Исаева, Жастар комитетінің төрағасы М.Т.Сарсенбаев, Кәсіптік практика жетекшісі Н.С.Файзиев т.б. профессор-оқытушыларды студенттік ұйым президенті М.Бектеміс Алғыс хатпен марапаттады.

Конференциядан соң ұйымның белсенді мүшелері "Елбасы серіктестерінің" құрылғанына екі ай болуына байланысты мерекелік кеш өткізді. Өнерлі өрендердің әндері тыңдалып, мың бұралған арулардың билері тамашаланды.

Ел болашағы жастардың қолында екендігі тағы да айғақтала түсті.

Баспасөз қызметі



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу