қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

14.10.2016

"Сырдария" университетінің профессор-оқытушылар құрамы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен сарапшының маманданымы туралы куәлікке ие болды

Ағымдағы жылдың 6-7 қазанында Елордамызда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) 5 жылдық мерейтойына арналған "Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеудің жаһандық сын-тегеуріні мен болашағы" атты тақырыпта Халықаралық конференция өтті.

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өкілдері, Жоғары білім беру сапасы кепілдігінің Еуропалық тізілімі (EQAR), Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастығы (ENQA) қатысты. Сонымен қатар, шетелдік аккредиттеу органдары – ACQUIN, FIBAA, AIC (Латвия), Росаккредагентство, АККОРК, халықаралық ұйымдар, қазақстандық жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер мен студенттер қатысты.

Ал келесі күні АРТА-ның сарапшыларын дайындау мақсатында семинар өтті. Семинар барысында тыңдаушыларға жоғары оқу орны қызметтерін сырттай бақылаудың ұстанымдары мен ұйымдастырылуы, АРТА-нің институционалды және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына қойылатын талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ шетел оқытушыларымен біргелікте сарапшы-кандидаттары үшін семинар-тренингі өтті.

Конференцияға "Сырдария" университетінен Ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С. Тленчиева, ғылым магистрі Б.С. Тоқмұрзаев, "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы К.А. Исаева, Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің маманы, ғылым магистрі А.С. Азизбекова қатысып, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен сарапшының маманданымы туралы куәлікке ие болды.




Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу