қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
^ Жоғары шығу

8.09.2016

Тәрбие басы - тіл
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі қарсаңында студент жастар арасында дебат пікір-сайысы өткізілді.

Фотогалерея

Аталған пікір-сайыстың финалдық кездесуіне төрт бірдей фракция жолдама алды. Атап айтқанда "Жалын" фракциясының лидері Жандосқызы Махаббат, мүшесі Медетбек Меруерт, "Алау" фракциясының лидері Бақысбаев Нұрбақыт, мүшесі Уалихан Әсем, "Ұлағат" фракциясының лидері Данияр Асылбек, мүшесі Асанғали Мұқағали, ал "Жүйрік" фракциясының лидері Адырова Ұлданай болса мүшесі Дәулет Аяжан өздерінің терең білімдерін көрсетіп, еркін көсілген орамды ойларымен тәуелсіз елдің ұрпағы екендіктерін дәлелдей түсті.

Пікір-сайыстың финалдық кездесуіне "Гендірлік саясаттың біздің қоғамға қажеттілігі", "Ғаламтор желісін қолдану ақталады", "Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте" атты тақырыптар арқау болды. Аталған тақырыптардың барлығы да бүгінгі таңдағы қоғамымыздың қызу талқысында жүрген мәселелер болғандықтан, студенттеріміз өздерінің пікірлерін ашық та айқын жеткізіп, пікірлерін дәлелді ойлармен айшықтап отырды. Американдық парламенттік форматының (АПФ) ережесіне сәйкес үкімет және оппозиция бағытында жүргізілген пікір-сайыста бірі тақырыпты жақтаса бірі әрине оған қарсы пікірлерде болды. Студент жастардың қарама-қайшы пікірлерін сарапқа салып, ойын ережесіне сәйкес әділ бағаларын беріп отырған бас сарапшы Н.С. Файзиев және А. Азизбекова, А. Жарылқасын өздерінің төрелігін айтып, сайыстың ережеге сай өтуін қадағалап отырды.

Сайысты бастаған "Жалын" мен "Алау" фракциялары гендірлік саясат мәселесін талқыға салып, тақырыпты барынша өздерінің позициялары бойынша қорғап шықты. Айтқан сөздеріне дәлел ретінде интербелсенді тақталарда тақырыпқа сәйкес фотосуреттер мен видеоларды көрсетіп, қарсыластарының мысын басуға тырысып, турнирді одан сайын қыздыра түсті. "Ұлағат" және "Жүйрік" фракцияларының ойындары ғаламтор желісін қолдану мәселесімен жалғасын тапты. Әрине бұл тақырып бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі екендігі бесенеден белгілі. Қашан да өзекті мәселе өзекті өртері анық. Үкімет тарапынан шыққан "Жүйрік" фракциясының ғаламторды жақтап, оны дәріптеген сөздерін естіген оппозиция өкілдерінің өресі биік сөздері, әрбір форумда отырған қатысушылардың ойларын оятты. "Ұлағат" фракциясы ғаламтор арқылы жастарымыздың санасы уланып, олардың жандүниесі мен бітім болмысының өзгеріп бара жатқандығын алға тартып, болашақ ұрпаққа ғаламтордың зиянды тұстарын тәтпіштеп түсіндіріп, дәлелді суреттерін көрсетті. Осылайша өздерінің қарсыласын дәлелді ойлары мен ұтымды пікірлерімен басып озып "Алау" және "Жүйрік" фракциялары финалға шықты. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында өрбіген финалдық кездесудегі пікірлердің қарама-қайшылығы өз алдына бір бөлек көрініс алды.

Дебатқа Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Молдабекова Нұржамал Сейдалықызы, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Тажитаева Рая Сейілқызы, Ғалым хатшы Әбенова Ләззат Усманқызы және "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Исаева Күлайна Әліқұлқызы қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Тіл – ол ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық болмыс. Осы аталған ұғымдарын сақтаған ұлт қана жер бетінде мәңгілік ұлт болып жасай алады. Демек ұлттың мәңгілік жасауының бірден-бір тірегі тіл екен, онда әрбір жастың көкірегінде айтар ойларының мол болатындығына дау болмасы анық. Аталған финалдық ойында студен жастар тіл туралы көптеген ұтқыр ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Сонымен ойын қорытындысы бойынша "Үздік спикер" номинациясымен Уалихан Әсем марапатталды. І - орын "Алау", ІІ - орын "Жүйрік" ал ІІІ - орын "Ұлағат", "Жалын" фракцияларына берілді. Жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Қалыбекова

Фотогалерея


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz