қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













14.03.2012

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

«Сырдария» университетінің студент жастары наурыз айының 14-жұлдызы күні «Вертуалды кітапханада» «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыпта АІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Сырдария» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректор Д.Болысбаев, Мақтарал АІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Н.Исабеков, Мақтарал АІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Н.Мейрханова, «Ана жүрегі» ӘҚБ заңгер-кеңесші А.Абжанова қатысып, студент жастарға кеңестерін айтып, толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде баяндама жасаған Мақтарал АІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Н.Мейрханова Мақтаралдағы тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтар жайлы, оның алдын алу барлығыда заң шеңберінде жүзеге асатындығын айтып өтті.

Және зорлық-зомбылықтың 4 бағытын атап өтіп, сондай құқық бұзушылыққа барған жағдайда барлығыда заң алдында жауап беретіндігін, тілге тиек етіп өтті. Сонымен қоса, кәмелет жасына толмаған жас өспірімдер арасында қылмыстың, зорлық-зомбылықтың болдырмауы үшін түнгі сағат 22:00-де көшеде жүруіне тиым салынуда.
Егер де көшеде жүрген жағдайда алдында қамқоршысымен жүруі тиіс екендігін айта өтті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бiр адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтiретiн немесе келтiру қаупi бар, құқыққа қарсы қасақана әрекетi де (iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi) айтылады. Кездесуге келген студент жастар өздерінің толғандырға сұрақтарын қойды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Салмырзаева Жанар «Қыздардың арасында қылмыстың алдын алу үшін қандай шаралар алып бара жатырсыздар?», «Тарих» мамандығының 4-курс студентті Таубаев Сейтхан «Мақтарал ауданында зорлық-зомбылықтар тіркелгенбе?» т.б. студент жастар сұрақ қойды. Кездесуге келген студент қыздардан анкеталық сұрақ-жауап жүргізілді.

Мақтарал АІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Н.Исабеков өз сөзінде: «Қазірде тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
1. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
2. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
3. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
4. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Осындай тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін үкімет тарапынан
1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды бекiтедi;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектiлерiнiң өзара iс-қимыл жасауын және олардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Міне осылар ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын алатын маңызды заңдарды бекітпекте» деп тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылықтың зардабын шегіп жүрген адамдардың құқықын қорғау мақсатында бекітілгендігін айта өтті.

Тәрбие істер жөніндегі проректор Д. Болысбаев өз сөзінде: «Қазақта жақсы сөз бар «Қызды қырық үйден тию», «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп ата-бабаларымыз қыз балаға жаман істерге тиым салып отырған. Қыздардың қылмысқа барғаны ауыр жағдай. Мына бүгін сіздерді жиып, отырғандарымыздыңда себебі, осындай ауыр жағдайдың алдын алу керек. Қыз болашақ ана келешекте денісау кемелденген азаматты дүниеге алып келуі керек. Сондықтанда тұрмысқа шыққан қыз-келіншектердің зорлық-зомбылықсыз өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек. Тұрмыста зорлық-зомбылық көретін жандардың нақты санын айту мүмкін емес. Өйткені, олар арнайы органдарға барып тіркелмейді. Кей әйелдер, дәл сол мезетте ашуын біреуге жеткізіп алса, одан кейін кешіріммен қарап, ары қарай өмір сүре береді. Бұл барша шығыс қыз-келіншектеріне тән менталитет. Олар ешқашан өз ерлерін жаманатты қылғысы келмейді. Дегенмен, оны түсінетін ер адамдар қазіргі таңда сиреп барады.

Сондықтан, оларды арнайы заңмен жауапқа тарту керек деп есептеймін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы құжат тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқы сақталып, тұрмыстағы қысымды болдырмауға көмек болар деп ойлаймын. Сіздерді бүгінгі жиыннан үлкен ой түйген деген үміттеміз» деп кездесуді қорытындылай отырып, студент қыздарға жаман істерден сақ болыңдар дей отырып, университетте қыздар арасында құқық бұзушылық болмағандығын айта өтті.


Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail:      sirdariya@mail.ru



© sirdariya.kz, 2005-2019
free counters
^ Жоғары шығу