14.01.2014
«Салауатты өмір салтын насихаттау» атты спорттық және эстафеталық ойыны
«Сырдария» университетінің профессор – оқытушылар құрамы арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау» атты 14.01-17.01 күндері аралығында спорттық және эстафеталық ойындары өткізілді.
14 қаңтар күні ашылу салтанатына университетіміздің ректоры С.С.Дайырбеков арнайы қатысып командаларға сәттілік тіледі.
Қатысушы командалар: «Химия және биология» факультеті, «Математика және экономика» факультеті, «Гуманитарлық білім» факультеті, Тіркеу бөлімі, «Кәсіптік білім және өнер» факультеті, «Сырттай және қашықтан оқыту» факультеттері бақ сынады.
14- қаңтар күні эстафеталық ойындар өтті. Ойын шарттары:
1. Баскетбол добымен кедергілерден өтіп допты шығырыққа тастау (6-рет шығырыққа түскен допқа 6- ұпай беріледі)
2. Секірмемен белгілі бір ара-қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, нысана дарт көздеу.
3. Қаппен секіру арқылы мәреге жеткенде допты шығыршыққа түсіру.
4. Қысымдалған шармен секіру.
5. Жүгіріп барып кілемнің үстінен аунап, шеңбердің ішінен өтіп шығырыққа допты түсіру.
6. Гір тасын көтеру (16 кг)
7. Арқан тарту
Эстафеталық ойыннан I-орынды Тіркеу бөлімі, II-орынды «Сырттай және қашықтан оқыту» факультеті, III- орынды «Математика және экономика» факультеті иеленді.
15- қаңтар күні баскетбол ойыны болып өтті. Баскетбол ойынынан I-орынды «Математика және экономика» факультеті, II-орынды «Химия және биология» факультеті, III- Тіркеу бөлімі орынды иеленді.
16- қаңтар күні үстел теннисі мен шахмат ойындары болып өтті.
Үстел теннисінен I-орынды «Математика және экономика» факультеті,
II-орынды «Кәсіптік білім және өнер» факультеті,
III- орынды «Гуманитарлық білім» факультеті иеленсе, шахмат ойындарынан I-орынды «Кәсіптік білім және өнер» факультеті,
II-орынды «Математика және экономика» факультеті,
III- орынды Тіркеу бөлімі иеленді.
17- қаңтар күні кіші футбол ойыны өтті. Кіші футбол ойынынан I-орынды «Математика және экономика» факультеті,
II-орынды Тіркеу бөлімі,
III- орынды «Кәсіптік білім және өнер» факультеті иеленді.
Жалпы қорытынды есеп бойынша I-орынды «Математика және экономика» факультеті, II-орынды Тіркеу бөлімі, III- орынды «Кәсіптік білім және өнер» факультеті ие болып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сайыстарға белсене қатысқан С.Жолдасов, М.Жасұзақова, Г.Дайырбекова, Б.Иса, М.Исламова сынды профессор-оқытушылармыз үздік деп танылып бағалы сыйлықтар мен марапатталды.
А.Амангелдіқызы
Басқа жаңалықтар
Елбасы Жолдауы – ел үміті. Әңгіме өзегі – Жолдау
Галерея (20 сурет)
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру – маңызды шара»
«Салауатты өмір салтын насихаттау» атты спорттық және эстафеталық ойыны
(Галерея, 24 сурет)
«Өзіңді ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғау керек?», «Ревматикалық аурулардың алдын алу», «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу»атты іс-шарасы
«Аудан соғысының ардагерлерінің ерлік беттері» атты кеші.
15 қантар 2014 ж. Оқытушылар арасында Жарыс өткізілді (Галерея, 24 сурет)
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру – маңызды шара»
29.12.2013 ж. Жаңа жыл 2014 (Галерея, 48 сурет)
Жаңа жыл, видео: 1-ші бөлімі 24 минут
/ Видео: 2-ші бөлімі 26 минут
«Тіл – тәуелсіздіктің тірегі»
16-желтоқсан «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шарасы
13 желтоқсан күні «Тәуелсіздігім тірегім» атты тақырыпта жатақханада кеш өтті
Жайдарман ойындары қарашаның 29-күні болып өтті
«Студенттік өмір,көтеріңкі көңіл!» атты мерекелік концерт
«Темекі шекпегенің, өзіне зиян етпегенің!» атты аудандық деңгейдегі іс-шара
|