қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№10 (300) 13.03.2015 жыл

Оқыту әдістемесінің білгірі

Біздің ғалымдар

Оқыту үдерісінің оңай болмайтындығы әлімсақтан белгілі. Әсіресе, білім беру саласында. Жасөспірімге әріп үйретіп, оның сауатын ашу барысында да өзіндік ерекшеліктер бар. Бозбала яки бойжеткен шақта немесе кәмелетке толып, одан кейінгі өсу, жетілу үдерістерінде білім берудің әдістері, әдістемелері бүгінде шашетектен. Мол әрі санқырлы. Жүйеленгені де бар. Көкейкесті жәйттер де жеткілікті.

Тіпті, бір әріпті үйреткен жанға қырық сауап жазылады делінеді. Қасиетті кітап иесінің хадистерінде. Демек, дүниеге келген адам баласының білімге, ғылымға деген ынта-ықыласына жол ашып, бұл қасиетті оның ғұмырлық серігі ету - аса киелі істердің бірі.

Осы орайда білім беру ісінде оқыту үлкен роль атқарады. Ал оқытудың әдіс, тәсілдері, әдістемесі де бүгінде үлкен ғылыми салаға айналғаны анық. Оқытудың әдістемесі мәселелерімен қырық жыл бойы тікелей айналасып жүрген мақала кейіпкерінің айтары аз емес. Дәлірек айтқанда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Жаппаров қазірде қазақ тілін оқытудың әдістемесі мәселелерін жан-жақты зерттеп, өз тәжірибелерімен бөлісуге ерекше назар аударып жүрген арнайы ғалым- әдіскердердің білгірі.

- Оқытудың әдістері мен әдістемелері өте күрделі де ауқымды педагогикалық көкейкесті мәселелердің бірі. Қазірде бұл бағытта отандық және шетелдік әдістемемектептері қалыптасқан. Олардың қол жеткен табыстары, әрине, барша педагогтардың ортақ қазынасы. Оқыту әдістемелері де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Басты мәселе - білім алушының танымы мен білім деңгейін көтеру. Нақты білімдерді оның бойына дарыту, Ал бүл оңай тірлік емес, - дейді ғалым- әдіскер қоңыр даусымен өз ойларын сабақтай түсіп.

Бүгінде қай мамандықтың саласы болмасын, бүкіл өмірін тек соған ғана арнап, оның бүге-шігесіне дейін саналауан қатпарлары мен терең иірімдеріне бара білуі, меніңше, ерлікпен барабар секілді. Өзім солай ойлаймын. Өйткені бүкіл саналы ғұмырын, ой әлемі мен дүнияуи көзқарасын белгілібір тақырып аясынан шет шықпай, ауытқымай, байыздап, баянды мінез таныта білу әрбір түлғаға бүйыра бермейді.

Мәселен, абайтанушылар, мұхтартанушылар, бүгінгі шәкәрімтанушылар және т.т. Бұлар әдебиет саласындағы айтулы ғалымдар. Ал қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ тілі фонетикасы, туған тіл фразеологиясы, төл тіліміздің диалектологиясы және т.б. мәселелер ше? Осы салаларға да өз өмірін түгелдей сарып еткендер аз дейсіз бе? Салалардың ірі - Жапбаров Амагелді аға.

Және де бұл саланы таптауын, бір қалыпта қатып қалған ізбен емес, жаңартып, жаңғыртып, жетілдеріп жүрген қасиетімен ерекшеленетін ғалым бұл. Отандық және әлемдік оқыту әдістемелерінің өз елінің педагогикалық қызметіне, ғылыми ізденістеріне ойдағыдай пайдаланып, кәдеге асыруымен көзге түсіп жүрген көрегенділігі, көргендігі де жеткілікті.

-Әрине, оқыту әдістемесінің мазмұны - білім алушының қаншалықты білім алғанымен де өлшенеді. Оның өлшемдері қазірде әралуан. Ұлттық бірыңғай тест те соның бірі. Өркениетті елдердің қол жеткен осынау жетістігі қазірде біздің елімізде кең түрде қолданыста. Қаншама мектеп түлектері жылма-жыл грант иелері болып жүр. Олардың қатары да жыл өткен сайын өсе түсуде. Демек, оқыту әдістері мен әдістемелері де жетіле түсуде. Кейде осынау ҰБТ-ға кейитіндер баршылық. Дұрысы, ҰБТ-ны қолдау керек. Түкке түрмайтын.кейде бағдарламада жоқ сүрақтар беріледі дейді. Бұл бос сөз. Кәнеки, сондай сұрақтар қашан, қай түлектің тестінде кездесті деп сұрай қалсаң, бүндай жауаптардан олар жалтарады. Естідік, мектеп түлегінің өзі айтты және т.б. да жалпылама сөздермен шектеледі. Аү, нақты айтсаңшы десек, оған жақындамайды. Сондықтан бұндай сөздерді айтқан адам сұрақтағы сөйлемді дәл сол қалпында білмейді. Білмей айтады. Бұл - әрине, дұрыс емес. Сөйтіп, олар өзін де, өзгелерді де адастырады. Ең жаманы сол, мұндай ой-пікірлер, бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тауып, кейде қоғамды дүрліктіріп жатады, - дейді ғалым-ұстаз. -Әйтпесе, ҰБТ-ның боламын, жанамын, бұдан кейін де білім алу жолында іздене түсемін деген жасқа береді мол. Өзім солай ұғынамын.

Ұстаз-ғалым студенттерге дәріс оқу барысында олардың өз мамандығына лайық болуын талап етеді. Сабақты, оны өтуді теориялық тұрғыда меңгеруге едәуір көңіл бөледі. 45 минөттік сабақтың әр сәтін танымды кеңейтуге, өнегелі тәрбиені дарытуға, өзіндік көзқарасын молайтуға арналуын басты міндет санайды.

Бұл бағытта атқарылатын жұмыстың, яғни педагогикалық қызметтің шығармашыл әрі ғылыми жүйелі, мақсатты, жалғасты болуын қамтамасыз еткенді жаны қалайды. Оқыту әдістемесі бүгінде ғылыми жүйеге түскенін үлкен жетістік деп біледі әдіскер- ғалым. Оқытудың бір түрі - сабақ болса, онда өтілетін сабақ тақырыбы мен оның мақсаты, міндеті, өзектілігі де бүгінгі оқыту назарынан тыс қалмауын оқытудың құрамдас бөліктері деп біледі.

Оқытушы, яғни білім беруші белгілібір білімді жаттатып қана қоймай, оны өмірде, өз қызметінде яки ғүмырлық дағдысында әрқашанда өзіне серік болуын қамтамасыз етуге күш-қайрат жұмсайды. Оқыту әдістемесінің де негізгі міндеттерінің бірі осы деп білеміз. Шыны керек, оқыту әдістемесі жайлы ұзақ жылдар бойы ден қойып, талай-талай еңбектер жазып, оны өзгелердің игілігіне айналдыра білу - белгілібір саланың өміршеңдігін аңғартады. Бәлкім, өміршең тақырыпқа айналдыру - ғылыми ізденістердің нәтижелілігі де болар.

Жаппаров Амангелді аға 1942 жылы 25 қаңтарда қазіргі Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында дүниеге келді. 1965 жылы Шымкент шаһарындағы педагогикалық институттың «Тарих және филология» факультетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдады. Содан соң ауылда бастауыш сыныпта мұғалім болып қызметке орналасты. Мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры секілді қызмет сатыларынан өтті.

Ғылымға деген қызығушылық, ынта-ықылас ғылыми ізденістерге жетеледі. 1983 жылы Мәскеуде «Қазақ мектебінің 8 класында практикалық стилистиканы оқытудың әдістемесі» тақырыбы бойынша диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты атанды. Сол жылдан бастап, М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтында оқытушы, доцентқызметтерін атқарды.» Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, «Филология» факультетінің деканы болды.

1992-1994 жылдары Түркістандағы «Терминология сөздік жасау халықаралық орталығында «Қазақстанның өкілі болды. Әрі тіл маманы болып қызмет атқарды. Нәтижесінде түркі тілді салыстырмалы 10 томдық сөздікті жасауға қатысты.

1995 жылдан бастап, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры. Осы жоғары оқу орнында «Қазақ тіл білімі», Қазақ әдебиеті» кафедраларында меңгеруші. «Филология» факультетіің деканы.

2004 жылы «Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері (V-IX сыныптар)» тақырыбы бойынша ғылыми диссертациясын ойдағыдай қорғады. Педагогика ғылымдарының докторы атағы берілді.

2006-2008 жылдары Алматыдағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы, ал 2009-2011 жылдары Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы университет жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Ғалым-ұстаздың жетекшілігімен 6 кандидаттық, 11 магистрлік диссертациялар қорғалды. 7 докторлық диссертацияға оппонент болды.

Жапбаров Амангелді аға 4 оқулық, 7 монография, 20-дан астам оқу-әдістемелік қүралдар мен 160-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы. Соңғы жылдар көлемінде оқушылардың тілін дамыту мақсатында оқытудың әдістемелік жүйесі бойынша 15 кітаптан тұратын еңбегін аяқтады.

Ғалым-әдіскер 2011 жылы «Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығын» құрды. Осынау қауымдастықтың төрағасы және «Педагог құзіреттілігі» атты республикалық педагогикалық, әдістемелік журналдың бас редакторы.

Ғалым-ұстаздың педагогика саласындағы жемісті еңбегі лайықты аталып өтті. 1977 жылы «Қазақстан халық ағарту қызметінің үздігі, 1987 жылы КСРО жоғары оқу орындарының үздігі қызметкері төсбелгілерімен марапатталды.

Амангелді аға сонымен бірге өнегелі шаңырақ иесі. Жұбайы Дүйсебаева Түймегүл де үлгілі ұстаз. Ардақты ана. Ерлі-зайыптылар 8 ұл-қыз тәрбиелеген. Аяулы ана Алтын алқа иегері.

- Жоғары оқу орнында «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» өтіледі. Бұл бакалавр дәрежесінде мамандық алатын студенттер .үшін өте қажетті пәндердің бірі. Қай сыныпта, қандай тақырып бойынша қанша сағат бөлінетіндігін білетін болашақ маман сол тақырып бойынша тілдік ережелерді, ерекшеліктерді, заңдылықтарды, ұғымдарды білуге әрекет етеді. Маман үшін бүл жақсы жауапкершілік те. Әйтсе де, қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың (орта мектептерде оқытудың әдістемесі қажет екендігін жоққа шығарғым келмейді. Бұл керек пән) әдістемесін ендірген дұрыс болар еді. Осы бағытта жинақталып қалған теориялық тұжырымдарды бір жүйеге келтірудің уақыты әлдеқашан жетті. Оқыту әдістемесінің теориясы жасақталуға тиіс, - дейді әдіскер-ұстаз әрі білікті ғалым.

Шынтуайтқа келгенде, оқытудың әдіс-тәсілдері, жалпы әдістемесі қалыптасқан. Алайда, әрбір тәжірибелі, өз кәсібінің мықты да кәсібилігі жоғары оқытушының өзіне тән айрықша жетістіктері болады. Білім алушыларға үйретер сипаттары да жетерлік деуімізге толық құқылымыз. Өйткені шәкірттер сүйетін, ұнататын, өз пәніне адалдық сақтаған ұстаздарымыз елімізде өте көп. Сол себепті оқытудың әдістемесі көп жағдайда іс жүзінде жүзеге асуы үшін оның теориялық тұрғыдан негізделуіне күш-қайрат жұмсаған жөн-ақ.

Айтулы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ұстазды мектептің жаны деп бекерге айтпаған. Мектеп - саналы, өнегелі, рухы биік тұлғаны қалыптастыруда киелі орын. Болашақ маман осы ортада тұлғаланады. Маңызды факторлардың бірі де осынау қасиеті мол мекен-жайда жүзеге асады. Әрине, өзге де факторлардың әсері айрықша. Айтпағымыз, мектепте, жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндерді өтудің әдістемесі жайлы.

Көрнекті суреткер-жазушы Ғабит Мүсірепов ең нашар ұстаз баланың өзі білетінін өзіне қайтып айтып беру деп бекерге айтпаған. Білімді дарытудың да мәні сонда. Білім алушы танымдық тұрғыдан, көзқарас- пайымы деңгейінен тың әрі соны жәйттерге, түсініктер мен ұғымдарға тәнті болуға тиіс. Оның болмыс - бітімі жаңарып, жаңғыртып, рухы биіктей түсуге құқылы. Оқыту әдістемесінің әсері де сол бағытқа қарай ойысуы керек.

Амангелді аға Жапбаровтың лекциялары, қарапайым тілмен айтқанда.дәрістері оқыту әдістемесінің жай ғана пән еместігіне көңілді де, ойды да нығайта түсетіндігі. Пәндерді оқытуда оның әдіс-тәсілдері де тым көбейген тұста оның технологиясы қаншама артса да, оның тәуелсіздік мұраттарына сай болуы керектігі менмұндалап тұрады.

Қазірде елімізде деңгейлеп оқыту бағытында да біршама көлемді істер жүзеге асуда. Шама-шарқына, зейінділігіне, білімілігіне сай мектептердің ашылуы да соның дәлелі. Белгілібір пәндерді тереңдетіп оқыту- бұл да оқыту әдістемесінің қазіргі таңда қол жеткен табыстарының бірі. Кей-кейде факультативті сабақтард оқушылардың бәрін жинап, бірге өткізу әлі де жалғасып келе жатқаны жасырын емес. Математикаға, тарихқа, химияға яки тілге қызығушылығы жоқ болса да, көппен бірге тиесілі бағасын алып шығады. Бірақ зорлап берілген білім алушының бойына дарымайды. Бүл шындық.

Бұндай жағдаяттар өмірімізде аз кездесіп отырған жоқ. Атап айтқанда, шетелдік инвесторлар өз қызметкерлерін, жұмысшыларын өздерімен бірге алып келеді. Тапқан табыстары сол елге кетіп жатыр. Ал біздің ше? Біздер де оқытып жатырмыз. Бірақ басқаша. Ондай кәсіби мамандарды оқытудың әдіс-тәсілдері, әдістемелері жүйелі түрде мықтап қолға алынбаған. Соның зардабын әлі де татудамыз.

Ендігіде оқытудың әдістемесі мемлекеттік стандарттар тұрғысында қолға алынуда. Дуальды оқыту жүйесі, осы орайда бірқатар мәселелерді жүзеге асыруда ойдағыдай ықпал ететіндігіне сеніміміз кәміл. Әр маман өзі таңдап алған мамандығы бойынша қажетпін дегенде ғана қоғам мүшелері арасында басымдыққа ие кәсіптерді таңдамайтын болады. Мүндай жағдайда әрбір кәсіп иесі - қоғамның керекті маманына айналады. Ал қазірше қоғамда басымдыққа ие мамандықтар жүйесі сақталынып отыр.

Ғалым-ұстаздың қазақ тілін оқытудың әдістемесі хақында жазған еңбектері арнайы білімге ие мамандардың ұғына алатын тілімен жазылғандығын да атап айтуға тиіспіз. Бұл да қажет. Себебі, бүгінгі жазу, сызу тек қана қарапайым, қатардағы сауатты жандарға арналса, пәннің мамандықтың, сол сала мамандарының, сондай-ақ білім алушылардың интелектуалды-теориялық, практикалық деңгейін ескермеу болып табылады. Бүгінгі маман, болашақ маман иесі - қазірде білімді, таным-түсінігі биік, дүниетанымы, көзқарасы кең түлға деп білеміз.

Әйтсе де, осынау мақалада ғалым-ұстаздың қалың оқырманға түсініксіздеу теориялық түрғыдағы оқытудың әдістемелерін, олардың түрлері мен ерекешеліктерін, ғылыми тұрғыдағы терең қатпарлары мен иірімдерін мысал, дәлел ретінде келтіруді жөн санамадық. Оны арнайы кәсіби салада жазылатын метериалдар еншісіне қалдырдық.

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және азаматтың мәдени құндылықтары негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп айтылған. Демек, оқыту үдерісінде нақты мақсат пен міндет айқындалған. Оқыту әдістемесі де осынау миссияны жүзеге асыруға құзіретті.

Оқыту әдістемесі білім алушы үшін де нақты жоспарға, тиесілі тақырып ауқымында өтілетін пән. Оның күнделікті оқу, тәрбие үдерісімен байланысы да баршағы мәлім. Сабақты ойдағыдай өткізуде, оның тиімділігін арттыруда оқытудың әдістемесі өзекті рөлге ие. Оны иегерген, меңгерген пән оқытушысы өз дәрісін тыңғылықты, жүйелі әрі мақсатты түрде өзі діттеген білім деңгейінен көрінетіндігіне еш күмән жоқ.

Бүгінгі ұстаз, мектеп яки жоғары орнының оқытушысы өз пәніне адалдықты сақтаудың бірден- бір жолы өз пәнін жетік білу, пәнді оқытудың әдістемесіне толықтай қанығу деп біледі. Олай болса, оқыту үдерісіндегі әдістеме мәселесіне бүкіл саналы ғұмырын арнаған Амангелді аға Жапбаровтың ғылымдағы тер төге, індете іздеген саласы алдағы уақыттарда да жемісті әрі жеңісті, жалғасты да жасампаз істерге ұласады дей аламыз.

Нұрғали Қадырбаев, «Сырдария» университетінің профөссоры.


Басқа жаңалықтар