қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№10 (300) 13.03.2015 жыл

Білім кілті - бастауышта!

Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Біздің болашақ өміріміз қандай болады? Өмірде өз орныңды қалай табуға болады? Қандай мамандық таңдау керек? Осы сұрақтар төңірегінде көп ойландық және таңдау жасау оңай болған жоқ.

Қазіргі таңда қызықты және қажетті мамандықтар өте көп. Жоғары оқу орындары әртүрлі білім аумақтары төңірегінде жоғары білікті мамандар даярлайды. Әрине, әрбір адам өзінің қызығушылықтарына қарай икемділігі мен қабілеттілігіне сәйкес келетін мамандық таңдауы қажет. Өзім «Сырдария» университетіне оқуға түсіп, бастауыш сынып оқытушысы болуды армандаған едім. Сол арманыма жеттім.

Бірінші қыркүйек күні қолдарынан жетектеп бірінші сыныпқа алып келгендегі сары уыз балапандардың мөлдіреген көздерімен қүмарта қарағандары қандай керемет десеңізші.

Мұғалім оқушыға үлкен және ұлан байтақ дүниенің сырын ашады. Табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, заттар мен ұғымдар жайлы қаншама жаңа ақпараттармен қаруланады.

Мен, 2012 жылы «Сырдария» университетіне түскен уақыттардан бастап болашақ бастауыш сынып мұғалімі дәрежесіне лайықты болу үшін көп оқып, талмай еңбектеніп келемін. Сондай-ақ, біздің болашақ маман болуымызға ең қажетті пәндерді тереңірек меңгеруге барынша әрекет жасаудамын. Атап айтар болсам «Жаратылыстану негіздері», «Математика негіздері», «Әдебиеттік оқыту әдістемесі», «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» сабақтарын терең оқып, ізденуденудемін.

Жақында Б.Момышүлы атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында төрт апталық іс-тәжірибеде болдым. Мектеп директоры дәріс берудің әдістемелік жұмыстарын тиімді жолға қойған. Біздер қазіргі заман талаптарына сай барлық жаңарулардың қыр-сырын тәжірибелі мамандардың қасында жүріп игердік. Ынтымағы мен бірлігі, үйлесімді тірлігі жарасқан білім беру мекемесінің ішкі тәртібі, оқу-тәрбие жұмыстары менің мамандығыма деген қызығушылығымды одан сайын арттыра түсті. Сондықтан да мектеп директоры Ө.Қозыбақ, оқу ісінің меңгерушісі А.Жақсылықова, Г.Маханбетова сынды аға-апайларға үлгі-өнегелері үшін айтар алғысым шексіз.

Азғана уақыттың ішінде менің түсінгенім, әсересе бастауыш сынып мұғалімінің жұмысы өзгелерге қарағанда өте күрделі әрі қызық, салмағы ауыр екенін түсіндім. Өйткені, баламен бала болып, баланың тілінде сөйлесе білуің керек. Олай етпеген жағдайда сабақ беру барысында бірдемені үйреттім деу қиын.

Ізденбеген мұғалімнің дәріс беруде ізі болмайды. Сондықтан үнемі ізденісте жүру шарт. Сонымен қатар, өз мамандығына қатысты пәндерді ғана меңгеріп қоймай, кәсіптік түлғалық қасиеттерге ие болу керек. Өз оқушыларының жақсы түсінуі, олармен дұрыс қатынас орната білу өте маңызды. Менің іс-тәжірибе арттыру барысында түсінгенім, қаталдықтың атқаратын рөлі шамалы, ал талап қоюдың беретін нәтижесі жоғары.Ол үшін әрбір оқушыға мейірімді барынша төгіп дәріс беріп, олардың айтқан сабақтарын дұрыс бағалау мұғалімдерді үлкен құрметке бөлейді.

Мен өзімді жақсы мұғалім бола аламын деп ойлаймын, себебі маған жаңа әртүрлі тақырыптардағы қызықты мәліметтер мен деректерді іздеген өте ұнайды және мұғалім жұмысының психологиялық қырларына ерекше қызығушылық танытамын.

Осы орайда айта кетейін дегенім, университетімізде бізге сабақ беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген Жолдас Асабаев, Күлайна Исаева, Орынкүл Өтегенова, Назира Шаманбетова, Ақмарал Тилеубаева, Жадыра Саттарова сынды ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. Ұстаздарымыздың бойындағы асыл қасиеттері мен ерекше қабілеттері біздің мамандығымызға деген қызығушылығымызды одан сайын арттыра түсіп, шығармашылық шабыт пен білім нәрін сыйлауда.

«Сырдария» университеті мақтааралдық жастарға қуаныш пен бақыт сыйлап жатқан білім ордасы.

А. ҚАЛДЫБЕКОВА,
«Сырдария» университеті «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті.


Басқа жаңалықтар