қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

13.06.2016
Видео. "ХХІ ғасыр педагог" Республикалық байқауы, Таныстыру Файзиев Нуржан Сапарханұлы.

"ХХІ ғасыр педагогы" республикалық байқауы

"Бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін, біз шығармашылық ойлы ұстаздарды тәрбиелеуіміз қажет". –деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың осы бір сөзін жүзеге асыру мақсатында елімізде түрлі бағытта көлемді іс-шаралар ұйымдастырылып, ұстаздардың білім білік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін шыңдаудың сан алуан тетіктері жасалуда. Солардың бірі "Ректорлар лигасы" жұмысының жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жас оқытушылары арасында өткізілген "ХХІ ғасыр педагогы" атты республикалық байқауын айрықша айтуымызға болады.

Айтулы додаға еліміздің барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарынан 50-ге жуық өтініш келіп түскен. Байқаудың алғашқы кезеңі – үй тапсырмасына берілген  ғылыми жоба бойынша 30 талапкердің жұмысы үздік деп танылып, байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды. Солардың бірі "Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы байқаудың екінші кезеңіне өтіп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты сынды т.б. елімізге белгілі жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларымен бәсекеге түсіп, өзінің жан-жақтылығымен, педагогикалық шеберлігімен байқаудың барлық кезеңінде өзінің біліктілігін көрсете білді.

Байқауға қатысушылардың білімін сарапқа салып, әділ бағасын беретін қазылар алқасын Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Құсайынов Амангелді Құсайынұлы басқарды. Қазылар алқасы төрағасының орынбасары  "Педагогика және психология" журналының бас редакторының орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайдарова Аймен Жексембайқызы болды, ҚызМемПИ доценті Байташова Гаухар Өмірәліқызы, ОҚМПИ бірінші проректоры-оқу ісі жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы тағы басқалар қазылық еткен ғалым-педагогтар өз жұмыстарын ережеге сәйкес жүргізіп, әділ бағаларын берді.

ХХІ ғасыр педагогына қойылар талап өте жоғары, сондықтан да байқаудың шарттары осыған негізделген. Байқауға қатысу үшін ұсынылған заманауи білім беру жүйесінде тұлғаны жан-жақты дамытуға арналған қазіргі проблемаларды шешуге бағытталған жоба авторлары келесі кезеңде өзерін еркін формада таныстырып, білім мен ғылым жолында асқан асулары мен жеткен жетістіктерін көрсетіп, презентатциялар мен бейнероликтерін қорғады.

Үшінші кезеңде байқауға қатысушыларға оқу-тәрбие  үдерісінің педагогикалық-психологиялық  және нормативтік-құқықтық базалары жөніндегі білімдерін тестілеу сынағы өткізілді. Тестілеудің нәтижесінде келесі кезең – сынаққа қатысқан 30 үміткердің 15-і жіберілді.

Ең шешуші кезең оқытушылардың ашық сабақтары болды. Мұнда педагогтар өз пәндері бойынша студенттерге ашық сабақ өтіп, өздерінің жаңашылдығын, оқытудың инновациялық технологияларын шебер пайдалана алатындықтарын байқаудың осы кезеңінде дәлелдей білді.

Байқаудың төрт кезеңінде де өзінің білімі мен жаңашылдық деңгейін көрсете білген Нұржан Сапарханұлы әділ қазалар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орынға ие болды.

Нұржан Сапарханұлы өз тәжірибесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын Германия Федеративтік республикасының Дюсельдорфф қаласында орналасқан "Менеджмент және технология халықаралық академиясында" өткен "Германия жоғары оқу орындарындағы инновациялық әдістер мен оқыту технологиясы" тақырыбындағы біліктілік курсынан үйреніп, Назарбаев зияткерлік мектебінің "Педагогикалық шеберлік орталығы" әлемге әйгілі Англияның Кембридж университетімен біріге отырып, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасына қатысып, Кембридждің бірқатар ғалымдарынан көптеген тәжірибе жинақтаған.

2014 жылы Мақтарал ауданының өңірлік жастар сыйлығы байқауында "Үздік жас оқытушы" номинациясының жеңімпазы атанып, міне араға 2 жыл салып Республикалық байқаудың жүлдегері болуы, әрине бұл қажырлы еңбек пен үздіксіз білімге, ғылымға, жаңашылдыққа ұмтылуының нәтижесі деп білеміз.

Бүгінде "Сырдария" университетінің студенттері республикалық олимпиадалар мен байқаулардан жүлделі орындармен оралып жүргендігінің бірден-бір себебі, сол студенттерге білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымының Республикадағы беделді жоғары оқу орындарының оқытушыларымен бәсекеге түсе алатын профессор-оқытушылардың білім беріп жүргендігінде - деп айтуымызға толық негіз бар.

Университетіміз Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге қатысып, аккредиттеуден сәтті өтуі де оқу ордамыздың білім беру сапасының бәсекеге қабілетті екендігінің бұлтартпас дәлелі болмақ.



Видео. "ХХІ ғасыр педагог" Республикалық байқауы, Таныстыру Файзиев Нуржан Сапарханұлы,
"Сырдария" университеті, 2016 жылы.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Г.Е. Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz