қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

13.04.2016

РЕСЕЙ ҒАЛЫМЫ ҚОНАҚТА

Фотогалерея

Сәуір айының алтыншы, жетінші жұлдызында университетімізде Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы қаржы университетінің Омск қаласындағы филиалы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Хаиров Бари Галимович қонақта болып, академиялық ұтқырлық бойынша "Құқық және экономика" кафедрасының "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтарына дәріс оқыды.

Оқу-ғимараттарды аралап, университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, "Педагогика және психология" кафедрасының ұйымдастыруымен болған "Бейнелеу өнерінің биігі-бастауышта" атты Ресей мемлекеті және Мақтаарал аудандық білім бөлімімен бірлескен көрме-олимпиадасына кафедра студенттері мен мектеп оқушылары ат салысқан іс-шарада әділ қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысып, өзінің ойымен бөлісті.

Ұйымдастырылып отырған көрме-олимпиаданың сапасы мен жас мамандардың біліктілігіне таңданысын жасырмады. Студенттерге айтылған ой-пікірлер білікті де білімді маман болып қалыптасуына септігін тигізетінін жеткізді. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарына таңданыспен қарап, жоғары бағасын берді. Университетте талантты да дарынды, білікті мамандар даярланып жатқандығын және мектептермен шығармашылық байланыс орнатылғандығын айрықша атап өтті. Сонымен бірге Ұлы Жібек жолы Азия конкурсының эмблемасын университет ректорына тапсырды.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова

Фотогалерея


Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz