қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

13.02.2013

«Сыр Сұхбат»

Галерея (20 сурет)

«Сырдария» оқу ордам киелі
Мақталы Мақтаралдың жүрегі
Нық сеніммен болашаққа аттанған,
Студент жастардың тірегі.

Студент жастардың тірегіне айналған киелі қара шаңырақ «Сырдария» университетіне 15 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші 15жылда атқарылған істер мол. Оқу ордамызда нағыз білікті де білімді мамандар мен профессор –оқытушылар еңбек етіп келеді. Міне, сол профессор-оқытушыларымыздың арқасында оқу ордамыз бүгінгі дәрежеге жетіп отыр. Университетімізде 6 факультет, 22 мамандық, және магистратура бөлімі 8мамандық бойынша білім беруде.

Оқу ордамыздың дамуына, бүгінгідей дәрежеге жетуіне сүбелі үлес қосқан ұстаздарымыздың еңбегін ерекша айтуымызға болады. «Сырдария» университетінде ақпан айының 13 жұлдызы күні «Сыр Сұхбат» болып өтті. Алғашқы қонақтардың бірі 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Психология және педогогика» кафедрасының аға оқытушысы Өтегенова Орынкул апай болды.

«Міне, бүгінде студенттердің жан сырын ұғынатын, нағыз жанашырына айналдыңыз.
15 жылдан бері еңбек етіп келесіз. Өмірдің бір бөлшегіне айналған жұмыс орны, жұмыс кабинеті. Сіз үшін қаншалықты маңызды? Жұмысқа ең алғаш кірген сәттіңіз, жалпы 15 жыл бұрынғы Орынкүл апайымыз қандай еді?» деген сұрақтарға, сонымен қоса, студент жастардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп өзінің педогогикалық шеберлігінің арқасында көрермендерді өзіне баурап алды.
Сонымен қоса Орынкул апай халық әні «Гаухартасты» орындап берді .

«Сыр Сұхбаттың» келесі қонағы «Отан және шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы да көрермендердің сауалына жауап беріп, артта қалған 15 жылдың қаншалықты маңызды екенін, университеттің болашағы жарқын болатындығына сенетіндігін білдірді. «15 жыл деген аз уақыт емес, артта қалдырған 15 жыл сіз үшін қаншалықты маңызды? 15 жыл сізге не берді?

Біз сізді тарихшы ұстаз ретінде танимыз.
Жігітке жеті өнерде аз дегендей, бойыңызда біз біле бермейтін қандай өнеріңіз бар? 15 жылдан бері Жұмыс жасап келесіздер. Қызығы мен қиынын көріп келесіздер. Ең қызықты сәтіңіз.» деген сауалдарға жауап беріп өзінің ұжымына арнаған өлең-жырларын оқып, өзінің көпшілікке белгісіз тағы да бір қырынан танылды.

Оқу ордамыздағы қай оқытушыны алсаң да бәрінің орны бар. «Сыр Сұхбаттың» келесі қонағы «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы 15 жылдан бері еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде бар жанын салған Исламова Махаббат апай болды. «Махаббат апай балалық шақтағы арманыңыз.

Қандай студент болдыңыз? 15 жыл аз уақыт емес. 15 жыл сізге не берді? Махаббат апай сіз бізге берген анкетаңызда бос уақытта кітап оқумен айналысамын деп жазыпсыз. Соңғы оқыған шығармаңыз. 15 жыл бұрын универсиет қандай еді, қазір қандай?» деген сауалдарға нақты әрі қызықты жауап беріп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Іс- шара барысында университетіміздің өткені мен бүгіні жайлы дайындалған слайт шоу көрермен назарына ұсынылды. Ұстаздарына деген ерекше құрметпен Аманбаев Абай «Сәби болғым келеді» әнін орындап берді.

«Сыр Сұхбат» соңында ұстаздарымызға шәкірттерінің қолынан шыққан туындылары табыс етілді. «Сыр Сұхбатқа» келген студент жастар өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алып, ерекше әсер алды.
Галерея (20 сурет)



Басқа жаңалықтар

Тәуелсіздік және қазақ қыздары
«Нұр Отан» - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның партиясы» атты конференция
«Сыр Сұхбат»
«Интеллектуалды жастар»
Мұқағали Мақатаев 82 жаста
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік іс-шара
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік апталығының» ашылуы
«Ана тілі аруы» байқауы
Студенттер арасында эстафеталық жарыс
Ұстаздар арасында эстафеталық жарыс



Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу