қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














13.02.2017

Тәртіп – тәрбие бастауы

Үстіміздегі жылдың 13-ші ақпанында "Сырдария" университетінде Тәрбие бөлімі мен Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан студенттер сарайында Мақтаарал ІІБ ЖПҚ ЮПБ бастығы полиция подполковнигі Б.Абдрахманов, учаскелік инспекторы А.Муфтиллаев, Мақтаарал аудандық прокуроры Ж.Сәрсенбаев және Орталық "Нұғман" мешітінің бас имамы Б.Сыздықовтың қатысуымен студент жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін әлеуметтік топтардан қорғау мақсатында кездесу өткізілді.

Жиында Б.Абдрахманов ауданымыздағы кәмелет жасқа толмаған жастар арасында орын алып жатқан қылмыстық істер, оның зардаптары мен олардың алдын алу жолдары жайлы сөз етті. Сонымен қатар, ішімдіктің қандай түрі болсын бойын аулақ ұстаудың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды. Перзентінен үлкен үміт етіп отырған әрбір ата-ананың сенімін ақтап, өмірдің дұрыс жолын таңдауға шақырды.

Аудан прокуроры Ж.Сәрсенбаев өз баяндамасында жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен терроризмнің, суицидтің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен егжей-тегжей таныстырып өтті.

Орталық "Нұғман" мешітінің бас имамы Б.Сыздықов ата-ана, отбасы бақыты жайлы бірнеше уағыздар айтып, жастардың өзге ағымдағы діндерден аулақ болуын сұрады. Сонымен қатар, діни сауаттылығын арттырғысы келетін жастарға ғаламтордан емес, тек мешіт имамдары мен молдаларынан сабақ алулары керек екендігін айтып өтті.

Жиын соңында студент жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарымен ой бөлісті.


"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу