қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Галерея

«Жайдарман» жетістіктің желкенінде

"Сырдария" университетінің "Жайдарман" тобы 2013 жылы құрылған болатын. Сол жылы көңілді тапқырлар тобы "Маусымашар-2013" фестиваліне қатысып, бірінші лигаға жолдама алды. Бұл - Жайдармандағы телевизиялық лиганың бірі. Сол жылы ойнақы қалжың, уытты әзілдерімен көрермен көңілінен шыққан универститет командасы маусым қорытындысындабірінші лиганың чемпионы атанды. Мұнан соң 2014 жылы Әдебиет маусымы "Маусымашар-2014" фестиваліне қатысып, Астана қаласында өтетін Премьер лига ойындарына жолдама алды. Жоғары топта ақтық мәреге дейін жетіп, Премьер лиганың чемпионы атанды.

Ал биыл Тарих маусымы "Маусымашар-2015" фестиваліне барып, Астана қаласында өтетін Жоғарғы лига сайыстарының жолдамасына ие болды. Университеттің "Жайдарман" тобы маусымның ақтық мәресіне дейін жетіп, жүлделі 3-орынды иеленді.

"Сырдария" құрамасы Тарих маусымының жыл жаңалығы деген атағына ие болса, команда капитаны Марат Сәрсенбаев жылдың "Үздік ойыншысы – 2015" номинациясының иегері атанды. Сонымен қатар биыл олар Оңтүстік Қазақстан облысының чемпиондығын жеңіп алумен бірге, өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов мырзаның жүлдесі үшін өткен сайыста бас жүлдені қанжығаға байлады. 20-дан астам команданың ішінен оқ бойы озық шықты. Жалпы топтың құрылғанына небәрі 3 жыл болғанына қарамастанқол жеткізген жетістіктері мол.

"Сырдария" университетінің жайдарманшылары, осындай дәрежеге жетіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне себепкер болған университет құрылтайшысы Есенкүл Сейіловаға шексіз алғыстарын айтады. Біздің жетістіктеріміздің барлығы - сол кісінің Жайдарман жастарына деген сенімі мен қолдауының арқасы. Енді топ мүшелерінің алдында үлкен мақсат тұр. Ол, Жайдарман Жоғарғы лига кубогын жеңіп алып, "Сырдария" университетінің мұражайына әкеліп қою. Ал мұнан өзге сайыстардың кубоктары бүгіндеуниверситет мұражайындағы құнды жәдігерлердің біріне айналған.

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова


Галерея


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz