қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












12.05.2018

Ұлыбританиядан профессор келді

"Сырдария" университетінің сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатына орай Варвик университетінің (Ұлыбритания) аға оқытушысы, PhD доктор Raymond Chatwin "Есеп және аудит", "Қаржы" мамандықтарының 1 курс студенттеріне "Менеджмент" пәні бойынша дәріс оқыды.

1948 жылы дүниеге келген Raymond Chatwin 1996 жылы Лондон университетінің ғылым магистрі, 2001 жылы Бирмингем университетінің Бизнес мектебінде PhD дәрежесін алады. 2004 жылға дейін, басқарушылық қызметтерді атқарған профессор 2004-2007 жж. Глаустишир университетінде лектор болып, бүгінгі таңда университеттің Бизнес мектебінде қосымша қызметкер, 2016 жылдан Варвик университетінің аға оқытушысы, Лондон колледжі университетінде эксперттік комиссия мүшесі. Сонымен бірге Бирмингем университеті және Эстон Бизнес мектебі университетінде шетелдік студенттерге дипломнан кейінгі бағдарламалар бойынша дәріс оқып келеді. Дипломдық басқару институтында Ұлттық стандарттарды дамытуға жауапты мүше. Басқару бойынша консалтинг институтының, Британ білім беру басқармасы әкімшілік қоғамының, Британ басқару академиясы, білімді бағалау институтының корреспондент мүшесі. Білімберу саласындағы тәжірибесінің негізіндегі зерттеу еңбектері түрлі басылымдарда жарық көрген.

Университеттің профессор-оқытушыларына дәріс оқыған Raymond Chatwin білім берудегі көп жылдық тәжірибесімен бөлісу үшін "ЖОО-ның рөлі қалай өзгерді және оның барлық мүдделі тұлғаларға ықпалы мен зардаптары" тақырыбын терең қозғап, төмендегі мәселелерге назар аудартты:

1. Жаһанданудағы құндылықтардың бағыты және олардың ЖОО-ға тигізер ықпалы;

2. Мүдделі тұлғаларды тарту мәселесі мен олардың ЖОО-да даму стратегиясындағы маңызы;

3. Студентке орталықдандырылған ЖОО (Стэкхолдерлер).

Қазіргі Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында орын алып жатқан өзгерістерімен бөліскен профессор Қазақстандағы білім беру жүйесімен де таныс екенін атап, Елбасының жүргізіп отырған саясатына көңілі толатынын жеткізді, университеттің 20 жылдық мерейтойымен де құттықтады.

"Сырдария" университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен PhD доктор Raymond Chatwinге "Сырдария" университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар






Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу