қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














12.04.2017

Студенттердің республикалық ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті


Ағымдағы жылдың 5-11 сәуір аралығында "Сырдария" университетінде "ЭКСПО – 2017: бүгінгі индустрия және инновациялық бағыттар" атты дәстүрлі республикалық ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университет студенттері мен Мақтарал ауданының мектептерінен келген ұстаздар өз баяндамаларын жасады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді:

1. Гуманитарлық ғылымдар

2. Педагогикалық ғылымдар

3. Жаратылыстану ғылымдары

4. Құқық және экономикалық ғылымдар

5. Педагогикалық ғылымдар

12-сәуір еліміздегі "Ғылым қызметкерлері" күніне орай конференция жұмысының салтанатты қорытындылауы болып өтті. Конференция жұмысын университетіміздің ғылыми істер жөніндегі маманы, "Жас ғалымдар" Кеңесінің төрағасы Аманбаев Нұржан Сапарұлы жүргізіп отырды.

Алғашқы болып №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиянан келген тарих пәнінің мұғалімі Нұрбеков Шохан "ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің маңыздылығы" тақырыбында баяндамасын оқыды.
Баяндаманың маңыздылығына тоқтала отырып, конференцияға қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.
Сонымен қатар өз бағыттары бойынша үздік шыққан студенттер өз баяндамасын жасап шықты. Атап өтетін болсақ, "Биология" бағыты бойынша 1-курс студенті Ғалымбек Гүлжайна, "Бейнелеу өнері және сызу" бағыты бойынша 3-курс студенті Бақтыбаева Жұлдыз, "Физика" бағыты бойынша 3-курс студенті Ануарова Динара, "Шет тілі: екі шетел тілі" бағыты бойынша М.М. Бектеміс өз баяндамаларын жасап, ғылымға аз да болса өз үлестерін қосты.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылардың баяндамалары І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова



Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу