қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

12.02.2016

ҚЫЛМЫССЫЗ ҚОҒАМ – ЗАМАН ТЫНЫШТЫҒЫ



Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Мақтарал ауданының ІІБ-ның Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Б. Абдурахманов, полиция аға лейтенанты Е. Байменов студенттерімізге жиналыс өткізді.

Жиналыста қоғамда болып жатқан қылмыстар жайлы, спирттік ішімдіктерді 21 жасқа толмағандарға сатуды тыйым салынатындығы жайлы сөз қозғалды. Қылмыстың көбі түнде оның 70%-ы ішімдіктің кесірінен болатындығын, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен күшейту ерекше қамқорлыққа алынғандығын атап өтті.
Соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында кездесетін теріс әрекеттерге қарсы күрестің маңызы зор екендігі айтылды.
Қылмыс жолына түскен өрімдей балалар, ересектер қылмысының негізін қалайды. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің бірқатар ерекшеліктері бар, атап айтқанда олардың психологиясына тән ашушаңдық, ересектерге еліктегіштігі.

Сондай-ақ, жұмыс істемейтін, оқудан тыс қалған, бос уақыты мол, кәмелетке толмағандардың көпшілігі қылмыс әлеміне жақын тұратынын атап айту қажет. Сол себепті де, біз аға буын соңымыздан еріп келе жатқан жастарға үлгі-өнеге боларлық тәлім тәрбие көрсетуіміз керек.

Жасөспірімдердің бойындағы қуатын игілікті арнаға бұру үшін спорттық және техникалық сабақтар үлесін көбейтіп, қоғамдық іс-шараларға қатысуға шақырды.
Жиналыста тыңдалған баяндамалар осы мәселелер төңірегінде болды. Студенттер өте жақсы әсер алып, келген қонақтарға өз алғыстарын білдірді.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz