қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

12.01.2017

Коучинг-семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсан күні университетімізде Оқу-әдістемелік басқарманың ұйымдастыруымен "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы "Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану әдістері" тақырыбында коучинг-семинар өткізді.

Жас оқытушылардың қатысуымен өткізілген бұл семинардың негізгі мақсаты оқытудың инновациялық технологияларының бірі, әлемдік білім беру кеңістігінде кеңінен қолданыста жүрген сын тұрғысында ойлау технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін айта отырып дәлелдер келтіруге үйрету сынды қажеттіліктерді оқу үрдісіне енгізу болып табылады.

Коучинг-семинар оқытушылардың жеке және кәсіби негіздерін дамытуды көздейді. Бұл сабақта қатысушылар сыни тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше әдіс-тәсілдерімен танысты. Оқытушылар нақтылы мысалдар арқылы тапсырмаларды орындай отырып, кәсіби қабілеттерін шыңдады. 

Жас профессор-оқытушылар құрамы каучинг-семинардың өткізілу деңгейіне өз пікірлерін жазбаша түрде білдіріп, рефлексия яғни кері байланыс берумен қорытындылады.


"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу