қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
7 СЫР
Республикалық қоғамдық-саяси газет
№36 (326) 11.09.2015 жыл, 1 бет

Сырдария құрамасы ерледі

Облысымыздың тәбиғаты тамаша, курортты жері – Төле би ауданының "Тау самалы" лагерінде өткен іріктеу ойындарына республикамыздың тукпір-түклірінен 15 команда қатысып, өлкенің табиғатымен танысты.

Мұндай жастар бас қосқанда жайдармен ойындары Солтүстік өңірнің Жасыбай жерінде де бірнеше рет өткізілген болатын.
Мінеки, бұл шара да соның жалғасы іспеттес болды. Аталған демалыс аймағында іріктеу сайысынан кейін суырылып шыққан жастар топтары Шымкент қаласындағы "Достық" мәдениет уйінде облыс әкімінің кубогына таласты.

Жас өзілсықақшылар барын салып, сайыс көрермендеріне жоғары көңіл күй сыйлады. Жайдарман ойындарының қорытындысы бойынша әділқазылар бас жүлде кубогын Мақтаарал ауданының "Сырдария" командасына лайықты деп шешті. Бұл команда "Жайдарман" сайыстарынмң республикалық телевизиялық ойындарында бірнеше рет өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айнала білген. Оның құрамында Мақтаарал ауданындағы бірден-бір жоғарғы оқу орны "Сырдария" университетінің студенттер Н.Үсенов, Н.Әбжанов. Т.Тюльбашов және жастар ісі комитетінің төрағасы, осы топтың капитаны М.Сәрсенов секілді өнерлі жігігтері бар. Жөңімпаздар кубог пен қаржылай сыйлыққа ие болды.

Сайысты республикалық "Жайдарман" ойындарының авторы әрі жүргізушісі Есеи Елеукен мырзаның өзі жүргізді. Мақтааралдық жастарға құтты болсын айта отырып, аздағы уақытта да сәттілік серік болсын деп білеміз!

Г.СУЛТАНОВА


"Денсаулық" фестивалі өтті

Қыркуйек айының бірінші аптасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданының "Жеңіс" алаңында "Денсаулық" фестивалі болып өтті.

Республика көлемінде мерөкелі турде өткізіліп жатқан бұл акцияның басты мақсаты жастарға сәлауатты өмір салтын ұстануды, мәдениетімізді қалыптастырып, насихаттау еді. "Сырдария" университеті, аудандагы колледж студенттері мен, мектеп оқушылары қатар сап түзеп, ұранды плакаттар көтеріп, "Жеңіс" алаңына жиналды. Онда еліміздің Әнұранымен басталған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Әлішер Есенбеков ашып берді.

Іс-шара барысында спорттық билер мен ұлттық рухты оятатын әндер шырқалды. Акцияны Әзберген Әйтешов пен Айгүл Серуарова жүргізіп отырды. Акция кең көлемде өтті.
Өскелең ұрпақ біздің ертеңіміз болгандықтан, олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай іс-шараларды кептеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салттын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз.

Б.ТАКЕНОВА.


Басқа жаңалықтар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz
«Сырдария» университетінде