қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














11.02.2017

Соғыс ардагерлерімен кездесу өтті

1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңестер Одағының әскері ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура 28 жыл өтіпті. Ауғанстандағы 10 жылға созылған сол соғыстың сұрапылы, сірә, естен кете қоймас.

Ресми деректерге сүйенсек, 22 269 қаракөз сарбазымыз Ауғанстанда қан кешіпті. Олардың 21-і із-түзсіз жоғалып, мыңға жуығына Ауған жерінен топырақ бұйырған. 1015 азаматымыз елге мүгедек болып оралған. Қазір Ауған соғысында от кешкен 18 мыңнан аса азаматымыз арамызда жүр.



Үстіміздегі жылдың 10-шы ақпанында "Сырдария" университетінің студенттері бірқатар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Дүйсебаев Жорабек, Жүнісов Амангелді сынды ағаларымыз соғыс алаңында бастан кешірген небір қиыншылықтары мен қызықты сәттерімен бөлісті. Студент жастарды қызықтырған сұрақтарға Нұрбабаев Темірхан және Ким Владимир ардагерлеріміз тұщымды жауаптарын беріп отырды.

Кездесу соңында ардагер ағаларымызға сый-сияпат беріліп, естелік ретінде суретке түсті.


"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова


Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2017 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу