қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

11.02.2016

Қазақтың лирик ақыны Мұқағали 85-жаста



Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-

деген ерен жырдың жазушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 85-жасқа толуына арнап университетіміздің "Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасымен "Кітапхана" ұжымы бірлесіп "Есіңе мені алғайсың" атты М.Мақатаевты еске алу кешін өткізді.

Аталған кеште "Ең үздік көркем сөз оқушы", "Ең үздік ән орындаушы", "Ең үздік актерлік шеберлік", "Ақын туындыларын ең көп жатқа білетін студент", "Ең шығармашыл студент" номинациялары бойынша байқау болды. Сахна төрінде Орынбай Әділбек "Жарығым-ай" әнін, Қамбар Динарамен Егемқұл Ақбота "Айтатын саған сырым бұл" әнін, Тілеубаев Ақылбек "Фариза" әнін, жанды дауыста нақышына келтіріп шырқады.

Бір топ студент жастарымыз "Поэзия", "Жүрек арызы", "Қызық өмір", "Тағдыр мен бетпе бет", "Күрсінбеші", "Шаршадым", білем атты поэзияларын жатқа оқыды. Махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кемде кем шығар. Ол нағыз махабатты армандады, ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі деп махаббат лирикасына арналған жырларда оқылды.

Шырағың сөнбей мұзбалақ жырың самғайды,
Архивте қалмай, жүректің дертін жалғайды.
Бойтұмар етіп "Жүрек арызыңды" ұғынып,
Ұрпағың бүгін өлеңін саған арнайды

-деп университетіміздің жас қаламгерлері ақынға арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Университеттің намысын ордалы Оңтүстік өңірінен бөлек Республикалық сайыстарда да абыроймен қорғап, 2013 жылғы Республикалық Алматы ашық лигасының жеңімпазы, 2014 жылдың Республикалық премьер лига ойындарының чемпионы, 2015 жылғы жоғарғы лига сайыстарының ІІІ орын иегерлері және жайдармандағы "Жыл" жаңалығы болған жайдарман топ "Сырдария" құрамасы өздерінің езуге күлкі үйіре қағытпа әзілдерімен кешті одан сайын қыздыра түсті. Кеште айтыскер, ақын, сазгер Мұхтар Құралов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, талантты күйші, сазгер, дирижер Бөрі Иса, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызы қазылық етті.

Номинацияларды табыстау үшін сахнаға әділқазылар алқасы шығып кеште ерекше өнерімен көзге түскен жастарымызды марапаттады. Олар:

Аманжол Айжан ҚТ-13 тобының студенті- "Ең үздік актерлік шеберлік"
Еламан Турдымурат ДШ-14 тобының студенті-"Ең үздік көркем сөз оқушы"
Орынбай Әділбек Муз-14 тобының студенті- "Ең үздік ән орындаушы"
Ермекбай Ермахан ҚТ-14 тобының студенті- "Ең шығармашыл студент"
Жұмағазиев Асылбек Мат-14 тобының студенті-"Ақын туындыларын ең көп жатқа білетін студент".

Кешке аянбай ат салысқан барлық жастарға Мұқағали Мақатаевтың кітаптары сыйға тартылды.
"Есіңе мені алғайсың" деп жырлаған "Хан Тәңірінің мұзбалағы" М.Мақатаевқа арналған кеш өз мәресіне жетті.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова



Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz