қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














10.02.2018

Студенттер Жолдауды талқылады

9-ақпан күні "Сырдария" университеті, "Өнер" факультетінде ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын талқылауға арналған жиын болды. Елбасы Жолдауын талқылау мақсатындағы басқосуға факультет деканы Ұ.Сапарбаева және кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылары, студенттер қатысты.

Жолдауды талқылау жиынында "Музыкалық білім" мамандығының 3-курс студенті М.Бекахмет Президенттің Жолдауында міндеттелген әр бағытқа тоқталып, қазақ тілін оқыту, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру, жастардың инттелектуалдық қабілетін жоғарылату мәселелері жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, 1-курс студенті Ұ.Жаппарова Жолдауда сөз болған басым бағыттардың бірі – адами капитал мәселелерін өзіндік көзқарас тұрғысынан пайымдап: "Елбасымыз Қазақстан халқына ұсынып отырған биылғы Жолдауының "Адами капитал – жаңғыру негізі" жетінші бағытында білім беру саласының мәселеріне айрықша тоқталған,-деді.

Жоғары білімді, өз кәсібінің шебер мамандарын даярлау мәселесі қашанда өзекті екені белгілі. Кез келген мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқаратын кәсіби мамандықтар орны қай уақытта да ерекше аталып келеді. Елбасы "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр", - деп ұстаз рөлін жоғары бағалаған болатын. Президентіміздің Жолдауында жүктелген міндеттерге байланысты университетіміздің деңгейін дамыған елдердегі деңгейге жеткізу, оқытушылардың мәртебесін көтеру, студенттердің білім алуына жағдай жасау бағытында қазіргі таңда оқу орнының басшылығы бастамасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Іс-шараға қатысқан студенттер Елбасы Жолдауын қолдап-қуаттап, ондағы маңызды мәселелерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындықтарын айтты.



Баспасөз қызметі




Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу