![]() |
|
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
"Мұқым елдің мұзбалағы" атанған ақиық ақын ғұмырынан сыр шертетін бейнебаян көрсетіліп, ақынның сөзіне жазылған "Ана сен бақыттысың", "Аңса жаным", "Мен нағыз махаббатты армандаймын", "Мен деп ойла", "Сарыжайлау" әндері шырқалды. Сонымен қатар Мұқағали мен Ф.Оңғарсынованың бал сезімге толы ғашықтық лирикалары, "Шәмілге жазған хаттар" атты поэзиялық композициясы, "Алтай мен Атырау" атты поэмасына дайындалған композициялары үлкен сезіммен орындалып, көрерменнің көңіліне жол таба білді. ![]() "Есіңе мені алғайсың" айдарымен ақын өмірінен үзінді көрінісінде мамандық студенттері Ермекбай Ермахан – Мұқаң, Бекше Сабира – жары Лашын рөлдерін шебер сомдап шықты. ![]() Әдеби-сазды кештің 2-кезеңі мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған "Мұқағали оқулары" аясында ақын өлеңдерінен сайыс 3 бөлімнен құралды. Алғашқы "Айтып өткен ақында арман бар ма?" бөлімі бойынша өнер көрсеткен оқушыларға: №4 Абай мектебінің 7-сынып оқушысы Қанатова Аяжанға І орын, М.Жұмабаев мектебінің 5-сынып оқушысы Әбдірайым Мақсатқа ІІ орын, Т.Рысқұлов мектебінің 11-сынып оқушысы Оңғарбай Жанарға ІІІ орын берілді. ![]() Келесі "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." айдарында Үлгілі мектебінің 6-сынып оқушысы Ермекбай Нұрболат І орынға, М.Байзақов мектебінің 8-сынып оқушысы Омар Нұрбек ІІ орынға, Б.Момышұлы мектебінің 10-сынып оқушысы Лесбек Шымболат ІІІ орынға ие болды. Ең соңғы "Жыр эстафетасы" бөлімінде Б.Момышұлы мектебінің 4-сынып оқушысы Ырза Дінмұхамед І орынды, Үлгілі мектебінің 9-сынып оқушысы Шайзінда Жайна ІІ орынды, А.Байтұрсынов мектебінің 11-сынып оқушысы Қадір Шолпан ІІІ орынды иемденді. Сонымен қатар, аталған оқушылардың жетекшілеріне алғыс хат берілді. ![]() Сайыста белсенділік таныта білген 15 оқушы "Сөз зергері", "Шабыт" және "Жыр құлагері" номинацияларымен марапатталды. "Мұқым елдің мұзбалағы" атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Сағым боп аққан сан жылдар..." атты әдеби-сазды кештен көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. "Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Ж. Қалыбекова
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]()
|
|||||||||||||||
2017 © www.sirdariya.kz
|