қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

10.02.2014

"Ғасыр ақыны - Мұқағали"

«Сырдария» университетінің орталық кітапхана ұжымы 10 ақпан күні сағат 15:00 де ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Ғасыр ақыны- Мұқағали» атты сайыс өткізілді. Сайысқа «Гуманитарлық білім» факультетінен Мәулен Нұргүл, Қалдарбекова Сәуле, Мырзамұратова Сандуғаш, Айшхан Аида, Шүрменова Ләззат, Шекербекова Жексенбай, Мамберді Жанарыс, Садикова Дурдона, Шайдозахова Гауһар, Егемқұл Ақбота, Бекполат Малика, Шыныбекова Оралай, Рашидова Зарнигор, Қонысбек Атабек, «Химия және Биология» факультетінен Таубай Ақмарал, Ермахан Жадыра, «Кәсіптік білім және өнер» факультетінен Піләл Жазира қатысып, бақ сынады.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
1. «Поэзия- жүрек тіл». Бұл кезеңде қатысушылар ақыннның шығармаларын мәнерлеп оқыды.
2. «Жырым – сен үшін» кезеңі бойынша үміткерлер өз шығармашылықтарынан, енді бірі белгілі жазушылардың Мұқағали ақынға арнаған арнауларын мәнерлеп жеткізді.
3. «Мұқағали - әлеміне саяхат». Соңғы кезең бойынша сайыс қатысушыларына ақиық ақынның ғұмыры жайлы викториналық сұрақтар қойылды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I- орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1- курс студенті Мырзамұратова Сандуғаш, II - орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2- курс студенті Мамберді Жанарыс, III - орынды «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1- курс студенті Піләл Жазира иеленді. Сайысты қорытындылау үшін Н.Қадырбаев мырзаға сөз беріліп, қатысушылар мен ұйымдастыру алқасына алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен қатысушыларды арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

А.Амангелдіқызы

«Айтатын саған сырым бұл» атты мерекелік кеші.

Поэзия құдіретінің тарланына айналған ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Гуманитарлық білім» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Айтатын саған сырым бұл» атты поэзия кеші өтті. Кештің шымылдығын мың бұрала билеген ару қыздарымыздың «Шаттық» биімен ашылды.

Ұйымдастырудағы мақсат: Поэзия патшалығынан өз орнын ойып тұрып алған азамат ақынның өлмес жырларын, ғажайып сырлы өлеңдерін жас ұрпақтың көңіліне ұялату болды. Іс- шарада кешті ашып беру үшін алғашқы сөз кезегі филология ғылымдарының кандитаты, доцент Л.У. Абеноваға берілді. Өмір өзенін өзгерте алмаймыз. Алайда ақынға деген сағынышты студенттер алтын қордағы ақынның өз дауысын тыңдау арқылы бір сәт басқандай болды.

Кеште сыршыл ақынның сырлы өлеңдері мен сазды әндері тыңдалды. Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез- келген кісі әсерлене бермейтін құбылысқа тебіретіні, кез-келген әсерлене бермейтін нәрседен әсерлетінін «Аққулар ұйықтағанда» атты көрініс арқылы жеткізе білді. Д.Балтабек пен Д.Омарованың орындауында «Саржайлау» әні, А.Төлебаеваның орындауында «Шақырады көктем», М.Смайлдың орындауында «Есіңе мені алғайсың» әндері көңіл сергітті.

Осы кеш барысында табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек екендігін аңғардық.

А.Амангелдіқызы


Басқа жаңалықтар





Археология

Платон жуйесі

Бітіруші тyлектер

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

7 СЫР газеті

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz
^ Жоғары шығу