қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

"Сырдария" университетінде Білім мерекесі тойланды

Білім күні "Сырдария" университетінде жыл сайын дәстүрлі салтанатты шара ретінде атап өтіледі.
Әрқашандағыдай жоғары оқу биыл да әсем болмыс- бітімге бөленген.
"Қазақстан" студенттер сарайының алдында "1 қыркүйек -Білім күні құтты болсын!" деген қүттықтау сөз узақтан менмұндалайды.
Білім күніне арналған салтанатқа үстіміздегі жылы студент атанған жастар көптеп жиналды. Студенттер сарайының іші лық толды.

Алғашқы құттықтау сөзді университет ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Сансызбайұлы Дайырбеков сахна төріне сөйлеп, студент-жастардың қазіргі таңда бәсекеге қабілетті сапалы білім алуы қажеттігін атап айтты. - Университетте студенттердің ойдағыдай білім алуына жан-жақты жағдай жасалынған, - деді ол өз сөзінде.

- Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы, бай кітапханасы студенттердің талап деңгейінде білім алып, білікті маман атануына толық ықпал жасайды. Студент-жастардың "Сырдария" университетін таңдауы-дұрыс таңдау әрі жоғары оқу орнына көрсетілген үлкен сенім, - деді университет профессоры, экономика ғылымдарының докторы Бегім аға Серіков.

Білім күні мерекесіне орай, университеттің өнерпаз жастары концерттік бағдарлама ұсынды.

Ата-аналар атынан Ералиев ауыл округінің турғыны Төртбаева Базаркүл сөз сөйледі:- Мен екі немеремді осы университетке алып келдім. Олар студент атанды. Мақсат-жоғары білім алу керек. Білікті маман болу қажет. Сапалы білім алу, құрметті студенттер, өздеріңе де байланысты, -деді ол.

Білім күні мерекесі жоғары оқу орнында одан әрі жалғасты. Студент-жастар өз аудиториясымен, топ тәлімгерлермен, профессор-оқытушылар құрамымен, университет басшылығы құрылымдарымен танысты.

Рас, студент-жастардың қазірде жоғары білім алуға деген ынта-ықыласы қуантады. Олар ата-аналарының өз перзенттерін жоғары білім алуға қамқорлық танытудағы еңбегін жақсы түсінеді деп білеміз. Өйткені, жас ұрпаққа бөлінген инвестиция, ол жалпақ тілмен айтқанда, қаражат жұмсап, ұл-қыздарына жоғары білім дарыту ісіне елеулі көңіл бөлуі, келешекте осынау өз перзенттерінен қайтарым болады дегенге сөзсіз илануы дер едік. Біз де солай ойлаймыз.

Ендеше, білім мен ғылым жастардың білім жолындағы қиын да қызықты студенттік өмірі бай әрі мәнді, маңызды да тағылымды болсын.

Білім күні құтты болсын.


Нұрғали ӘМІРБЕКҰЛЫ.


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2015 © www.sirdariya.kz
«Сырдария» университетінде