қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English
1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай өткізілген мерекелік іс-шара
«Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында баяндама
Діни экстремизім мен терроризімнің туындау себептері және негізгі сипаттамалары
Шымкент Студнттер Альянсы кооперативтік қорының ұйымдастыруымен «Студенттердің құқықтық сауаттылығы. Таза сессия» тақырыбында пікірталас.
5-қазан мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз-Ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара
І-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға байланысты өткізілген «Студенттік алтын дәуір» атты мерекелік іс-шара.
17-қараша студенттер күні мерекесіне арналған «Студенттік өмір-көтеріңкі көңіл» атты мерекелік іс-шара
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауын талдау.
Қыз балаларды, оның ішінде кәмлеттік жасқа толмағандарды үйлену мақсатында алып қашу оқиғалары.

1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай өткізілген мерекелік іс-шара

Қатысушылар: «Сырдария» университетінің профессор оқытушылары, студенттері, ОҚО «Нұр Отан» ХДП-ның Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев.

Мерекелік іс-шара университет мақтаныштары Республикалық «Жайдарман» ойындарының финалистері «Сырдария.кz» командасының қойылымдарынан дайындалған Н.Ирсимбетовтың бейнеролигімен ашылды.

Іс-шара барысында:
«Сырдария» университетінің құрылтайшысы Е.С.Аяшева өз сөзінде: Мақтаралдың төрінде орналасқан «Сырдария» университеті студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етуде. Біздің университетте студенттерге барлық жағдайлар жан-жақты жасалған. Мақтарал ауданында орналасқан білім ордасы еліміздегі жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында» деп студенттерді мерекесімен құттықтап, сәттіліктер тіледі.

«Сырдария» университетінің ректоры С.С.Дайырбеков мырза университетіміздің жетістіктерін айтып университет мұғалімдерінің жаңа құрамын студенттерге таныстырып өтті.Университетіміздің Оқу істері жөніндегі проректоры Н.О. Қобланова, Тәбие істері жөніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев, Ғылыми істер жөнінідегі проректор Д.С. Мамраймов болып тағайындалды. Сонымен қатар оқу ордамыздың табалдырығын жаңадан аттап, үлкен өмірге қадам басқан студенттерді білім күнімен құттықтап, олардан келешекте үлкен үміт күтетіндігін айтып өтті.

ОҚО «Нұр Отан» ХДП-ның Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Байдуллаев студенттерді мерекелік кешпен құттықтап білікті педогог,тәжірибелі ұстаз Бегім Серіковты Облыстық деңгейдегі «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапаттады.

Сонымен бірге университетіміздің талантты студенттері, Жұмабаева Ақмарал, Әжібек Райхан, Рахымбай Еламан,Аманбаев Абылай және Шығынақ Айдана, Әріпхан Нұрислам әннен шашу шашса, «Назерке» бишілер тобы мың бұралған билерімен көрермендердің көңілінен шықты.

«Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында баяндама

Тәрбие ісі жоніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев мәжілісті ашып өкілдермен таныстырды
1.ҚР ҰҚҚ ОҚО бойынша департаментінің аға жедел уәкілі майор Аталықов Ертөле Бақтиярұлы
2. ОҚО Мақтарал аудандық емханасының наркологі Досмамбетов Мақсат
3. ОҚО Мақтарал аудандық емханасының нарколог-дәрігері Динтаева Салтанат Нұрланқызы
4.ОҚО ІІД Мақтарал аудандық басқармасының аға жедел уәкілі аға лейтенант Күлбаев Бақыт Алмасұлы

Досманбетов Мақсат өзінің баяндамасында есірткі туралы мағлұматтар беріп өтті атап айтсақ, Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып,ұйықтыу,жансыздандыру,сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз.Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда.Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын,сергітетін заттар бар.

Есірткі мен стимулятор дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдік бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар.

Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулыгына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көптігіне тоқталды.

ҚР ҰҚҚ ОҚО бойынша департаментінің аға жедел уәкілі майор Аталықов Ертөле Бақтиярұлы сөз алып аудан көлемінде есірткіге қарсы көптеген іс-шаралар жүріп жатқандығын, өкінішке орай жасөспірімдердің есірткі қолданып, соның нәтижесінде қылмыстық іс-әрекеттерге барып жатқандығын айтып өтті. Сонымен қатар есірткіге қарсы өткізіліп жаткан іс-шараларға жастардың өздері белсенділік танытып, есірткінің зияндығы туралы есірткіге әуестеніп жүрген жастарға айтып жеткізуі керектігін баса айтты

ОҚО ІІД Мақтарал аудандық басқармасының аға жедел уәкілі аға лейтенант Күлбаев Бақыт Алмасұлы: құқық қорғау қызметкерлері рейдке шыққанда түнгі клубтарда, кафелерде жасөспірімдердің ішімдік ішіп, есірткі қолданып соңында бір-бірімен жанжалдасып, төбелесіп бір-бірін жарақаттап тіпті өлтіріп қою фактілерінің кездескендігін айтты. Осындай кемшіліктердің алдын алу үшін жастар бос уақыттарын спортпен шұғылдануға, мәдени орталықтарда көптеген үйірмелерге қатысуға арнаса, ішімдіктің, есірткінің зияндығы туралы дөңгелек үстелдер, кездесулер жиі-жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді деп сөзін аяқтады

Студент жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып сала мамандарымен ой бөлісті

Тәрбие ісі-жөніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев қорытынды сөз алып жастарды салауатты өмір сүруге, тәуелсіз еліміздің белсенді де үлгілі азаматтары болып өсуге шақыра келе жастардың атынан алтын уақыттарын бөліп келген құқық қорғау органдарының, наркодиспансер өкілдеріне алғыс айтты.

Қаулы: құқық бұзушылық, ішімдіктің, нашақорлықтың зияндығы туралы доңгелек үстелдер, сала мамандарымен кездесулерді жиі-жиі өткізу қолға алынсын.

Діни экстремизім мен терроризімнің туындау себептері және негізгі сипаттамалары.

Тәрбие ісі жоніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев мәжілісті ашып өкілдермен таныстырды
1. ОҚО дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» бөлім басшысы Оспанов Дәлелхан.
2. ОҚО дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» бөлім маманы Үсенов Орынбасар

Оспанов Дәлелхан өзінің баяндамасында елімізде тиым салынған және дәстүрлі емес дәни ағымдар туралы мағлұматтар беріп өтті, атап айтсақ, латынның Секта сөзінің латын тілінен аударғанда «sekta» екі түрлі мағынада қолданылатынын:біріншісі –бір заттың бөлігі де, екінші мағынасы-сана образы,оқу дегенді білдіреді. Бұл сөз «secare»-кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» ізінен түсу (қандай да болсын оқудың артынан ілесу) сөздерімен мағыналас. Және бұл сөздердің көрініс табу сипатына лайық «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.секта азаматтарға тек қана өз пікірін таңып мақұлдату, зорлық-зомбылық көрсету, еркінен тыс әрекет пен мүлкін тартып алу, тіпті кісі өміріне қауіп төндіру сияқты істермен ерекшеленеді.

Экстремизм - термині латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «extremus» - шеткі, шектен тыскөзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген мағынаны береді.Саяси тұрғыдан алғанда экстремизм қалыптасқан әлеуметтік құрылымдар мен саяси институттардың тұрақтылығын бұзып өз мақсаттарына жену үшін оларды әлсіздендіріп, түбінде құлатуды мақсат ететін-қарсылық әрекеті.

Терроризм - латынның қорқыныш, үрей деген сөзінен алынған сөз. Яғни саяси мақсаттарды сылтауратып күш қолдану. Бұл-ұғым ғасырдың соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якубиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. «Террор»- ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйенің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылды. Терроризм- ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүркін-дүркін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.Сонымен қатар жастардың әр түрлі діни ағымдардан алшық, мешіттердегі,қоғамдық орындардағы діннен азғырушылардан аулақ болуына барлығымыздың үлес қосуымызды сурады.

ОҚО дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» бөлім маманы Үсенов Орынбасар мырза өз баяндамасында ислам дінінің атын жамылған керағар ағымдарға тоқталып өтті. Қазақстан жерінде тұратын мұсылмандар суниттік бағыттағы ханафиттік мәзһабты ұстанады.Ханафиттік мәзһабтың негізін калаған Әбу-Ханифа Нұғман ибн Сәбит.Ханафиттік мәзхаб-басты сенім, ұстанымдық тірек ретінде Құран мен хадиспен бірге ижма және қияс мәселеріне орын беріп, осыған қоса шариғатқа қайшы діни ағымдар жайлы айтып өтті. Және де зікіршілер мен исматуллашылар, оларды ел арасына таратушылар мен мақсаттары жайлы,таблиғ жамағатының шығу тарихы жөнінде айтты.

Жиналыс соңында студент жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып сала мамандарымен ой бөлісті

Тәрбие ісі-жөніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев қорытынды сөз алып жастарды әр түрлі діни ағымдар мен терроршылықтан сақтануын, ата-бабамыз салып өткен сара жолдан адаспауын айтып, дін өкілдеріне алғыс айтты.

Қаулы: Қазақстандағы діни экстремизмнің идеологиясы және оның көріністерінің формалары туралы доңгелек үстелдер, сала мамандарымен кездесулерді жиі-жиі өткізу қолға алынсын.

Шымкент Студнттер Альянсы кооперативтік қорының ұйымдастыруымен «Студенттердің құқықтық сауаттылығы. Таза сессия» тақырыбында пікірталас.

Қатысушылар: «Сырдария» университетінің студенттері, «Жастар орталығы» КММ-ның директоры М.Нұрымбетов, Шымкент Студнттер Альянсы кооперативтік қорының атқарушы директоры М.Исахов
Жиналыс барысында:

«Шымкент Студнттер Альянсы кооперативтік қорының атқарушы директоры Ш. М. Исахов сөзді өзін және өзі директорлық қызметін атқарып жүрген Шымкент Студнттер Альянсы кооперативтік қорын таныстырумен бастап, бүгінгі жиналысты ұйымдастырудағы мақсатын айтып өтті. Студенттерге өз құқықтары жайлы мәлімет беріп, сұрақтар қойып, жиналыстың негізгі мақсаты сессия уақытындағы пара берушілік, мұғалімдердің сыйақы талап етулері жайлы келеңсіз жағдайларға жол бермеуді студенттерден талап ететіндігін айтып жеткізді.

«Жастар орталығы» КММ-ның директоры М. Нұрымбетов өз сөзінде ЖОО бітірген жастардың келешекте жұмысқа тұру үшін қажетті мемлекеттік жобалар жайлы мәлімет беріп, қазіргі таңда сұраныс тудырып отырған мамандықтар жайлы айтып өтті.

Сонымен қатар университетіміздің талантты студенттері «Шығармашылық және Жаңа технологиялар» ғылыми мектебінің студенттік директоры Гүлбақыт Орман, «Сырдария» университетінің студенттік ректоры Сұлухан Молдабай, «Жаратылыстану және Математика» ғылыми мектебінің директоры Назым Алтынбек белсенділік танытып, сұрактар қойып отырды.

Қаулы: Студенттер құқықтық сауаттылықты нығайтып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуды қолға алсын.

5-қазан мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз-Ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара.

«Сырдария» университетінің құрылтайшысы Е.С.Аяшева өз сөзінде: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса оның бірі –Ұстаз дей келе, «Сырдария» университетінің барша мұғалімдер қауымын мерекемен құттықтап, біршама мұғалімдерге қаржылай сыйлық берді.

«Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков мырза университет мұғалімдерінің жетістіктерін айтып, мерекелерімен құттықтады. Университеттің білікті оқытушыларын облыстық деңгейдегі марапатпен марапаттады. Марапат үш түрлі номинация бойынша берілді.
«Ерен еңбегі үшін»-5 оқытушыға,
«Білім беру ісінің үздігі»-15 оқытушыға,
«Мінсіз қызметі үшін»-6 оқытушыға берілді.

Сонымен бірге университетіміздің талантты студенттері Орынбасар Ақмарал «Ұстазым» әнімен, «Шығармашылық және жаңа технологиялар» ғылыми мектебінің «Муз-14» тобының студенттерінен құралған серілер тобы «Қазақтай ел қайда?!» әнімен, «Назерке» бишілер тобы мың бұралған билерімен көрермен көзайымына айналды. Мақтаныштарымыз, Республикалық «Жайдарман» ойындарының финалистері «Сырдария.кz» командасы өз өнерлерімен корерменге күлкі сыйлады

І-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға байланысты өткізілген «Студенттік алтын дәуір» атты мерекелік іс-шара.

«Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков мырза өз сөзінде «Сырдария» университеті білім мен тәрбиенің үйлесім тапқан ортасы дей келе университетімізге жаңадан қабылданған бірінші курс студенттерін «Студент» деген асқақ атқа ие болғандарымен шын жүректен құттықтап, келешекте олардан білікті маман иесі болып университетіміздің, еліміздің атын әлемге танытады деген үміт күтетіндігін жеткізді.

Мерекелік іс-шара барысында Студенттік ұйымның жаңа құрамы таныстырылып оларға құттықтау грамотасы берілді. Университетіміздің Студенттік ректоры болып Молдабай Сұлухан, «Шығармашылық және жаңа технологиялар» ғылыми мектебінің Студенттік директоры Орман Гүлбақыт, «Жаратылыстану және Математика » ғылыми мектебінің Студентттік директоры Алтынбек Назым, «Гуманитарлық және Бизнес» ғылыми мектебінің Студентттік директоры Қамбар Динара болып сайланды. Осы жылғы «Студенттік билет» пен «Білім кілітін» тапсыру салтанаты Молдабай Сұлухан мен Оралбеков Абайға жүктелді. Ал бірінші курс студенттерінің атынан Жәденов Оралхан мен Наматуллаева Фариза Ант қабылдап «Студенттік билет» пен «Білім кілітін» қабылдап алды.

Сонымен бірге университетіміздің талантты студенттері Жұмабекова Ақмарал, Аманбаев Абылай, «Шығармашылық және жаңа технологиялар» ғылыми мектебінің «Муз-14» тобының студенттерінен құралған «Іңкәр» дуеті, Тастанов Оралбек, Срайлов Шыңғыс, Ерманова Мадина, Оралбеков Абай және Егемқұлов Абылайлар әннен шашу шашса, Тойымбет Сапарбидің көңілді күйі мен «Назерке» бишілер тобының мың бұралған билері көрермендер көңілінен шықты, «Жайдарман жастары», «Сыр серілері» Квн командалары өз әзілдерімен көрермен жанарына күлкі ұялатты.

17-қараша студенттер күні мерекесіне арналған «Студенттік өмір-көтеріңкі көңіл» атты мерекелік іс-шара.

«Сырдария» университетінің құрылтайшысы Е.С.Аяшева өз сөзінде: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса оның бірі –Ұстаз дей келе, «Сырдария» университетінің барша мұғалімдер қауымын мерекемен құттықтап, біршама мұғалімдерге қаржылай сыйлық берді.

«Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков мырза университет мұғалімдерінің жетістіктерін айтып, мерекелерімен құттықтады. Университеттің білікті оқытушыларын облыстық деңгейдегі марапатпен марапаттады. Марапат үш түрлі номинация бойынша берілді.
«Ерен еңбегі үшін»-5 оқытушыға,
«Білім беру ісінің үздігі»-15 оқытушыға,
«Мінсіз қызметі үшін»-6 оқытушыға берілді.

Сонымен бірге университетіміздің талантты студенттері Орынбасар Ақмарал «Ұстазым» әнімен, «Шығармашылық және жаңа технологиялар» ғылыми мектебінің «Муз-14» тобының студенттерінен құралған серілер тобы «Қазақтай ел қайда?!» әнімен, «Назерке» бишілер тобы мың бұралған билерімен көрермен көзайымына айналды. Мақтаныштарымыз, Республикалық «Жайдарман» ойындарының финалистері «Сырдария.кz» командасы өз өнерлерімен корерменге күлкі сыйлады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауын талдау.

Қатысушылар: «Сырдария» университетінің аға-профессор оқытушылары, студенттері. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Тұрдықұлов Мұзафар Әбдіразақұлы.

Жиын басында «Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков мырза Жолдаудың өзекті тарауларына тоқталып, Республикалық Премьер Лига-2014 ойындарының жеңімпаздары «Сырдария құрамасы» жайдарман тобын шын жүректен құттықтап оларға өз алғысын білдірді. Аудандық Жостар комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік Жас оқытушы» және «Үздік студент» номинацияларын жеңіп алған «Педогогика және Психология» кафедрасының оқытушысы Файзиев Нұржан Сапарханұлын және Тар-12 тобының студенті Молдахмет Архатты марапаттарымен құттықттады.

Елбасының бір жылда екі рет Қазақстан Халқына Жолдау жолдауы әлемді жайлаған дағдарыстан шығу үшін, ең алдымен, халықтың жай-куйін жақсартуды көздеп отыр. Жолдаудағы жүктелген міндеттер Мақтааралдықтарға да жаңа серпін әкелді деп өз баяндамасын бастаған ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Сырдария» университетінің профессоры, жазушы-журналист Нұрғали Әмірбекұлы Қадырбаев әуе, су яғни құрғақ порт және тас жолдар туралы тарауға анықтама беріп өтті.

Ректордың аудит жөніндегі кеңесшісі, Саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Тәжітаева Рая Сейілқызы, «Отан және шетел» тарихы кафедрасының меңгерушісі Мейірбеков Мырзабай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Әбдіразақұлы Мұзафар Тұрдықұлов, студенттер арасынан Молдабай Сұлухан, Әмре Жақсыбай, Мұхтарова Гүландон өз баяндамаларын көрермендерге түсіндіріп және жолдаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Сөз соңында «Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков мырза барлық қатысушыларға алғысын білдірді

Қыз балаларды, оның ішінде кәмлеттік жасқа толмағандарды үйлену мақсатында алып қашу оқиғалары.

Қатысушылыр: «Сырдария» университетінің студенттері және топ тәлімгерлері

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев мәжілісті ашып өкілдермен таныстырды.
1. Мақтаарал АІІБ-сы ЮПТ инспекторы Полиция аға лейтенанты Е. Байменов,
2. Мақтаарал аудандық Жастар орталығы КММ-нің директоры М. Нұрымбетов,

Ерғали Байменов өзінің баяндамасында 2014 жылдың 10 айы бойынша жалпы қылмыстық ахуалға тоқталып, Жетісай өңірінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар санының бес пайыздан жеті пайызға өскендігін, қорқытып алу-1, тонау қылмысы-1, бұзақылық қылмысы-1, орта дене жарақатын салу-1, ал бөтеннің мүлкін ұрлау-3 ке артқанын атап айтты. ҚР ҚК-нің 125-бабы адам ұрлау мәселесі бойынша, үйлену мақсатында адам ұрлау жағдайларында арыз-шағым түскен жағдайда мүлкі тәркіленетіндігі немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі бас бостандығынан айырылатындығын ескертті. 2014 жылдың соңғы айларында Мақтаарал ауданында жағарыда айтылған мәселелер бойынша орын алған қылмыстық істердің біршамасына тоқталып өтті. Сөз соңында студент жастарға жарқын болашақ тілеп, келешекте жақсы маман атануларына тілектестігін білдірді.

Студенттерді өткен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаумен сөз бастаған аудандық Жастар орталығы КММ-нің директоры М. Нұрымбетов студенттердің заңға қайшы, қоғамға жат іс-әрекеттерден аулақ болуын және ел ертеңі жастардың қолында екенін әрқашан көкейлерінде түйіп жүруін айтып өтті.

Студент жастар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып сала мамандарымен ой бөлісті

Тәрбие ісі-жөніндегі проректор Н.Б.Шегенбаев қорытынды сөз алып жастарды салауатты өмір сүруге, тәуелсіз еліміздің белсенді де үлгілі азаматтары болып өсуге шақыра келе жастардың атынан алтын уақыттарын бөліп келген құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыс айтты.

Қаулы: құқық бұзушылық, қылмыстық істер туралы дөңгелек үстелдер, сала мамандарымен кездесулерді жиі-жиі өткізу қолға алынсын.


Басқа жаңалықтар