қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

1.09.2016

Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы

1 қыркүйек – Білім күні университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде мерекелік іс-шара ретінде атап өтілді. Мерекелік іс-шара Қазақстан студенттер сарайында өтті. Зал студент жастарға толы болды. Құттықтау сөзді университет құрылтайшысы Е.Сеилова алды. Университет табалдырығын жаңа аттаған, арман қуған 1-курс студенттерін білім күнімен құттықтап, университетте терең әрі жан-жақты білім алуына толық жағдай жасалғандығын, оқу орнының материалдық-техникалық базасы өте жоғары, заманауи құрылғылармен, зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кітап қоры мол кітапханасы, кең әрі таза студенттер жатақханасы, түрлі үйірмелер мен орыс, ағылшын тілін үйрететін курстар барлығы да студенттер үшін жасалған жағдай. Бәсекеге қабілетті, жаңашыл маман етіп тәрбиелеуге, терең білім алып шығуына бар күшімізді салып, қазақ елі – мәңгілік ел, тәуелсіз еліміздің келешегі осы жастардың қолында екендігіне сеніп, білім жолына жасаған қадамдарына сәттілік тіледі.

Әрі қарай университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков проректорлар мен факультет декандарын арнайы сахна төріне шақырып, таныстырды. Студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отансүйгіштік рухының мықты болуын тіледі. Азаматтық жігерлеріңіз мұқалмай, асқар шыңдарды бағындырыңдар, қонар тұғырларың биіктей берсін деп, үлкен сеніммен тілек білдірді.

Музыкалық білім факультеті дайындаған мерекелік іс-шара әсем әнмен жалғасын тапты. "Сырдария" КТК командасы да өз әзілдерімен көрермен көңілінен шықты.

"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын иемденген Жәңгір Мадина мен Еркинова Феруза Бауыржанқызы құттықтау сөздерін айтып, қуаныштарын жасыра алмады. Сонымен қатар "Биология" мамандығының 3-курс студенті Жандосқызы Махабаттың әжесі Исламова Шырынкүл апайымыз да оқу ордамыздың негізін қалаған О.Аяшұлына және университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына ризашылығын айтып, алғысын білдірді.

Жиналған студент жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Фотогалерея

"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы Ш.Қалыбекова



Басқа жаңалықтар


Бітіруші тyлектер

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz