қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












01.03.2018

Белсенді жастар бас қосты


Ақпан айының 28 жұлдызында "Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси ұстанымы мен ұлттық жаңғыру жолы" тақырыбында І облыстық студенттер форумы болып өтті.
Жас ізденушілердің басын қосқан форумның мақсаты – студенттердің жоғары оқу орындарындағы қоғамдық белсенділігін арттыру, Елбасы Жолдауында туындайтын міндеттерді жастар арасында насихаттау және оның іске асырылуына жас ізденушілердің ықпалын нығайту, жастардың өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту.

Алғашқы облыстық студенттер форумына өзге оқу орындарының ізденімпаз жастары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттік ректоры Тасболат Бекдәулет Бейсенбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік ректоры Төлебай Бекзат Октябрьұлы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттік ректоры Қасқыр Арман Дарханұлы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің "Жалынды жастар" пікірсайыс клубының президенті Арғынбай Рахат Ердәулетұлы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттік проректоры Әбдіқұл Биғали Бақбергенұлы, Шымкент университеті "Жастар ұйымының" төрағасы Асыахан Батырхан Сапарханұлы, Облыстық Жас отан жастар қанатының корреспонденті Намаз Жұлдыз Алмасқызы қатысып, Ел Президентінің саяси ұстанымы мен ұлттық жаңғыру жолы туралы баяндама жасады.

Форум барысында "Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі Бектеміс Мейірханға Намаз Жұлдыз Алмасқызы "Жас отан" жастар қанатының арнайы төсбелгісін табыстады.

Қиыр оңтүстіктегі рухани орданың тыныс тіршілігімен танысқан форум қонақтары "Қазіргі заманда білімді болу пайдалы ма әлде белсенді болу ма?" тақырыбы төңірегінде дөңгелек үстелде пікіралмасып, көзқарастары мен идеяларын талқылады. Форумның екінші күнінде жастар тренингке қатысты.

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген І облыстық студенттер форумынан түйгеніміз – "Жастар – болашақтың тірегі".


Баспасөз қызметі




Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters







Басқа жаңалықтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу