қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

1.03.2016

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ


Университетімізде "Жастар" комитетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Бейбітшілік пен келісім саясаты" тақырыбы аясында ғылыми конференция өтті. Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр" тақырыбымен басталған XXII сессиясында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өте жақсы бастама көтерді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурыз барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді"- деді Қазақстан Президенті. Қазақстан Республикасындағы Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы ҚР-ның президенті жарлығының жобасы туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысы бойынша 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді. Аталған конференция Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, ректор, п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлының баяндамасымен ашылды. Алғыс айту күні ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн!

Қазақ халқы қиын қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан, бұл күн түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген Алғыс күні болуға тиіс - деп сөзін аяқтады. Ректордың баяндамасынан соң көрермендер назарына аталған тақырыпта бейнеролик қойылды.

Н.Ә. Назарбаевтың "Бейбітшілік пен келісім саясаты" тұғырлы мемлекет кепілі – деп, оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Мамраимов Серік Дәулетұлы өз баяндамасын оқыды. Қазақ ұлтының тауқыметке толы болғаны тарихтан аян. Кеңестік қызыл қырғын, қолдан жасалған ашаршылық, ұлт зиялыларының қасыреті т.б. Алайда, өз тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қазақ халқы қаны бөлек, жаны жат басқаның да құрдымға кетуіне жол берген жоқ. Ашаршылықтан толық есін жимаған халық Қазақстанға жер аударылған кәріс, неміс, кавказдықтар т.б. халықтармен бір үзім нанын бөлісіп, бауырына басты.

1 наурыз елімізде Алғыс айту күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды-деп баяндамасын аяқтады.

Көктем келді. Шаттық, қуаныш, ізгілік, шуақты күн көктем мезгілімен қайта оралды. Бұл халқымыз үшін өте қажет мереке. Неге десеңіз, қазіргі заманда елді бірлікке, ынтымаққа шақыратын іс-шаралардың бәрі маңызды деп Ғалым хатшы, ф.ғ.к., доцент Әбенова Ләззат Усманқызы өз баяндамасын оқыды. Тар кезде де, бүгінгідей бар кезде де қазақ ешкімді сыртқа тепкен емес. Әрқашан "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...". Сол пейіліне сай, Қазақ Елі Тәуелсіздік алғанда Қазақстанды мекендеп жатқан он сан этностар мен ұлыстар қазақтармен бірге қуанды. Одан беріде Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз тұрақтылық пен тыныштық айлағына, жайлылық пен бірлік мекеніне, құт-берекенің өрісіне, бауырмалдық пен бақуаттылықтың кенішіне айналды. Сол үшін де дархан жүректі, ізгі тілекті, баршаны бауыр санаған шапағатшыл да шарапатшыл ел иесі, жер иесі қазақ халқына айтылар алғыс та телегей-теңіз. Мемлекет басшысының 1-наурызды Алғыс айту күні деп жариялауы осындай ақ тілектердің арнасын ағытып жібергендей.

Ырыс ортақ саған-дағы,
Маған да.
Дерт болмасын,
Өрт болмасын ғаламда

Мына дүние-
Махаббат пен Шапағаттың мекені,
Адамзатқа Алла ырзығы жетеді!


Келесі баяндаманы тар.ғ.к., доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы "Ел бірлігі мәңгілік ел дамуының негізі" тақырыбында оқыды.

-Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
"Сіз", "Біз" деген жылы сөз
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті деп ауданымыздағы этно-мәдени орталық өкілдерінен алынған арнайы сұхбаттан бейнеролик қойылды. "Қазақстан ту еткен бейбітшілік пен келісім әлемді құтқарады"-тақырыбында, "Гуманитарлық білім" факультетінің студенті Бағысов Нұрбақыт өз баяндамасымен шықты. Конференцияда тыңдалған баяндамалар студенттерге жақсы әсер қалдырды. 2017 жылғы 1 наурыз Алғыс айту күнін университетіміздің басқа ұлт өкілдерінен құралған студент жастар белсене қатысатынын және бұданда кең ауқымда өткізетінін айтып, алғыс білдіріп тарқасты.

Университеттің баспасөз хатшысы Г.Алтынбекова


Басқа жаңалықтар


Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

Археология

7 СЫР газеті

Каржы орталыгы

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
e-mail:sirdariya@mail.ru

2016 © www.sirdariya.kz