қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














1.02.2018

Жас отан – жастар қанаты

"Сырдария" университетінің белсенді студенттері шоғырланған "Елбасы серіктестері" ұйымының төрағасы М.Бектеміс және ұйым мүшелерінің бастамасымен аудандық Жас отан жастар қанатының төраға орынбасары Айқын Бағланмен кездесу өткізді. 2018 жылдың 1 ақпанындағы басқосуында студенттер Жас отанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мақсат, міндеттеріне қанық болып, Елбасының Жолдауына назар аударды.

164 мыңнан астам мүшесі бар Жас отан бүгінде ел жастарының саясатқа деген көзқарасын, жауапкершілігін орнықтыратын, жаңғыртатын, өзгертетін ұйым. Студенттер осы ұйымға мүшелікке қабылданып, "Нұрлы болашақ жолында" ұранын ұстанымға алды.

Шара барысында "Елбасы серіктестері" ұйымының төрағасы М.Бектеміс ұйымға мүше болып, байланыс жасау жөніндегі пікірлерін білдірді. Аудандық ұйымның төраға орынбасары Айқын Бағлан мемлекет басшысының жастарға деген сенімі мен қолдауын Жолдаудың негізінде айқындап өтті.

Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С. Тленчиева студент жастарға қазіргі заманда барлық жағдай жасалғанын, оны тиімді пайдалану, Жас отанға мүше болу әрбір студент үшін маңызды екенін ұғындырып, елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдауға шақырды. Студенттер жиын соңында жарыссөзге шығып, азаматтық көзқарастарын білдірді.

Университет жастарының мұндай бастамасы елміздің өрлеуін ілгері жылжытпай қоймасы анық.





Баспасөз қызметі




Басқа жаңалықтар





Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Фотогалерея

ПнВтСрЧтПтСбВс


free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу