қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English










Ректорат Шаруашылық істер жөніндегі проректор Музей

"Сырдария" университеті музейі

Қозыбай Абай Аралбекұлы

Музей меңгерушісі

Телефон: 8(72534)6-34-03

Ұялы байланыс телефон: 8 747 203 77 10

E-mail: sirdariya@mail.ru

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін

(түскі үзіліс: 13:00-14:00-ге дейін)


Мырзашөл өңірінің көне ескерткіштері
Мырзашөл археологиялық экспедициясы
Мұражай, 2017
Мұражай, 2016
Мұражай, 2015
Мұражай, 2014
Мұражай, 2013
Мұражай, 2012
Мұражай, 2009 (245 сурет)
"Үтiртөбе", видеоролик, 3:16
"Үтiртөбе", видеоролик, 2:08
Мұражай, 2009 (245 сурет)
"Үтiртөбе", видеоролик, 3:16
"Үтiртөбе", видеоролик, 2:08

"Сырдария" университетінің музейі - Жетісай ауданындағы ірі музейлердің бірі.
1998 жылдың қыркүйек айында құрылған "Сырдария университеті музейінде" басшылық қолдауымен коллекциялар құрыла бастады.
2004 жылы музейде сақталынған экспонаттар қатары біршама артып, музей көлемі ұлғайтылды.
2005 жылы ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев Мақтарал ауданына сапары кезінде "Сырдария" университеті музейімен танысты, жылы лебізін білдірді. Ауданымыздың іргелі мәдени ордасына айналған музей 2016 жылы университет басшылығы тарапынан қаржыландырылып қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықталды. Қазіргі күнде ОҚО туристік маршрутына еніп отыр.
Музей "Сырдария" университеті оқу ғимаратының бас корпусында орналасқан.
Музейдің жалпы көлемі – 185 шаршы метр. Оның үш экспозициялық залы, қосымша қалпына келтіру бөлімі және музей жанында көрме галереясы орналасқан.

I-ші залда – Мақтарал ауданының және "Сырдария" университетінің жалпы сипаттамасы баяндалады. Сондай-ақ университетте оқытылатын факультеттер мен мамандықтар туралы мәлімет, университет студенттерінің әр-түрлі облыстық, республикалық сайыстардан алған диплом-сертификаттары, "Сырдария" құрамасы жайдарман командасының кубоктары, ғылыми-зерттеу конференциясының жинақтары, университет жетістіктері қамтылған. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қойылған жаймасөремен ұласады.

Музейдің екінші экспозициялық залы 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар, 1930 жылы Мақтарал жеке ауданы құрылуы, Киров каналы құрылы және Мырзашөл халқының шаруашылық ерекшеліктерінен бастап, тіршілік қамын, шаруашылығын көрсетуге арналған.

Экскурсияның басы аудан халқының канал қазу барысындағы ерен еңбектері, Мырзашөлдің суармалы егін шаруашылығына айналуы, мақта шаруашылығының қалыптасуы және дамуы көрсетілген фотодеректермен толтырылған витриналардан басталады.

Музейдің келесі көрнекті залдарының бірі үшінші зал Ортағасырлық Үтіртөбе (Ұтырлы) қаласынан шыққан археологиялық қазба жәдігерлерін көрсетуге арналған. Зал экспозициясы қала халқының күнделікті тұрмыс қажеттілігіне тұтынған тұрмыстық заттары, темір фрагменттерден ат-әбзелдері мен қарулардың қалдықтары, шыны және глазурленген ыдыстардың бөліктерімен толықтырылған.

Музейдің көрнекті де кең, әсем безендірілген көрме залы университет студенттерінің қолынан шыққан туындыларға арналған.

Қазіргі күнде "Сырдария" университетінің музейі білім алушы студенттер мен мектеп оқушылары көруге асығатын тарихи-экскурсиялық орын ретінде, сондай – ақ тәуелсіз аккредиттеу және рейтнгтеу комииссиялары, туристік ақпараттық орталық қызметкерлері, ОҚО құрметті азаматы Айдархан Өтенұлы, ОҚМПИ – ның халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөлімі басшысы Рысбекова А.Б., Қырғызстан мемлекетінің М.Қашқари-Барсхани атындағы шығыстану университетінің профессор-оқытушылары, Германия мемлекетінің профессоры Walther Friesen, ОҚО облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінің аға оқытушысы, академиялық ұтқырлық бөлімі басшысы Айна Жолтаева, Египет мемлекетінің Суец-канал университетінің профессоры, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, ф.ғ.к., доцент Асхат Әлімов сияқты құрметті қонақтардың жақсы әсер алып, Мырзашөл тарихымен танысатын музейге айналып отыр.





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:         8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail:      sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу