қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English











"Сырдария" университетінің қысқаша тарихы

Сырдария университеті – еліміздің оңтүстік қиырындағы шалғай аудан жастарын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани бай, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен ашылған білім ордасы.


"Сырдария" университеті Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан.
Ауданның өзіндік ерекшеліктері бар, ол: географиялық орналасуы, халықтың ең көп тығыздығы, туылудың жоғары көрсеткіштері, қазақ халқының тілінің, салт-дәстүрлерінің сақталуы. Аудан аумағы 1,8 мың ш.ш, барлық жағынан Өзбекстан Республикасымен шекаралас. Жетісай қаласы мен облыс орталығының арасы 231 ш астам. Қазіргі таңда ауданда 300 мыңнан астам халық өмір сүреді, оның 90% қазақтар, 10% басқа ұлт өкілдері. Халық тығыздығы 1 ш. ш 144,7 ад., Республикадағы орта көрсеткіш 1ш.ш 6 ад. Сонымен қатар көршілес Өзбекстан аумағында 2,5 млн. қазақ өмір сүреді.
Осы ерекшеліктер Жетісай қаласында университет қажеттілігінің негізгі себептерін анықтады.

"Сырдария" университеті ЖШС 1998 жылы Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Жетісай Оқу орталығы негізінде ашылған. (ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің № 408 бұйрығы, 27 шілде 1998 ж), 5 наурыз 1998 ж заңды тұлға ретінде ОҚО, Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында тіркелді, 6 ақпан 2007 ж қайта тіркелді (қайта тіркеу туралы куәлігі ЖШС №254-1958-10).

Университет Жарғысы "Білім туралы" Заңының 41 бабы, 6 тарауына және білім беру мекемелерінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. Білім беру қызметімен айналысуға рұқсат беретін мемлекеттік лицензия 12 ақпан 2002 жылы (сериясы ААN № 000169).
28 қыркүйек 2010 жылы жаңа сериясы АБ №0137474 мемлекеттік лицензия, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Университет 3 рет мемлекеттік аттестация процедурасын өткізді: алғашқысы 2001 жылы (№ 935, 6.12.2001 ж. БҒМ бұйрығы), екіншісі 2006 жылы (№931, 8.12.2006 ж. БҒМ бұйрығы), үшіншісі 20-27 желтоқсан 2011 жылы. Бірнеше рет университет білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы тексерілген (20-21 сәуір 2007ж.; 12-18 наурыз 2010 ж.; 9-13 қазан 2012 ж.).
2010 жылы университетте сапа менеджменті жүйесі енгізілді, сертификациялық орган Түрік Стандарттар институты. Сапа менеджменті жүйесі құжатталған, ХС ИСО 9001:2008 талаптарына сай жұмыс бабында қолданылады.

Екі рет ( 1998 ж, 2007 ж) ОҚО, Мақтаарал ауданына жасаған іс-сапары барысында университетке Н.Ә.Назарбаев келген.
Соңғы 5 жылда профессор-оқытушылар құрамының халықаралық және республикалық конференцияларда 992 мақала, 9 монография, 20 оқулық, 145 тен астам оқу құралдары, 31 мақала нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда жарияланды.

2017-2018 оқу жылында университет 20 жылдығын атап өтті. Бұл ЖОО осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам жоғары білімді маман даярлады.

Университеттің жалпы көлемі 12432 шаршы метрді құрайтын төрт оқу ғимараты, 4 кітапхана, 500 орындық "Қазақстан" студенттер сарайы және 320 орындық "Студенттер үйі", Инновациялық ғылыми зерттеу орталығы бар.


Бас оқу ғимараты


Студенттер үйі


"Өнер" факультетінің ғимараты


Химия және Биология ғимараты


Инновациялық зерттеу орталығы


Қазақстан студенттер сарайы

Университет мұражайы – білім нысанының басты рухани, тарихи құндылығы. Ұлттық құндылықтарды тарихи мазмұнда жинақтаған университет мұражайы 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының туристік маршрутына енді.

Жаңа дәуір талабына орай университеттің материалдық-техникалық базасы 367 компьютер, 20 интербелсенді тақта, 5 смарт тақта, 25 мультимедиялық проектор, 3 бейнеконференция залдарымен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісіне қолайлы мүмкіндіктер туғызып келеді. Университетіміздің "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасына қарасты Робототехника зертханасы жұмыс жасайды. Мұнда түрлі робот машиналары, Піл, Түс сараптаушы, Кран робот машиналары құрастырылуда. Ал, электрондық кітапхана ресурстары бойынша "Сырдария" университеті Қазақстан Республикасы ЖОО арасындағы үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.

2015-2016 оқу жылында университет Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агентігі мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігінен институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу туралы куәлігтеріне ие болды. Сонымен бірге, "Сырдария" университеті бүгінгі таңда сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификациялық орган "Түрік стандарттар институтының" (TSE) № KY-6144/10-R және IQNET № TR-KY-6144/10-R сертификаттарына ие.

Оқу ордасында білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге де аса мән беріледі. Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, жастарға тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған "Сырдария" университеті республика деңгейінде өзін көрсете білді. Мұның дәлелі 2017 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық Жоғарғы Лига ойындарының 1-орын иегері, яғни чемпионы атанған "Сырдария құрамасы" жайдарман тобы болды.

Біздің жастар өте өнерлі, мұнда композитор, профессор Бөрі Исаның жетекшілігімен "Жетісай сазы" ұлт аспаптар оркестрі, хор, "Назерке" бишілер тобы бар. Университет студенттері спорттық ойындардан көптеген республикалық, облыстық, аудандық жарыстардан жүлделі орындарды иеленді.

Алда зор міндеттер бар. Ол Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайды. 2050 жылдарға дейінгі Стратегиялық жоспар орындалуының алғы шарты – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бізде сол қастерлі мақсаттың биігінен көрінуге ұмтылып, білім ордасының беделін арттыруға қызмет етеміз деген сенім мол.



Бакалавриат мамандықтар:

  1. 5B010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  2. 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  3. 5B010300 - Педагогика және психология
  4. 5B010600 – Музыкалық білім
  5. 5B010700 – Бейнелеу өнері және сызу
  6. 5B010800 – Дене шынықтыру және спорт
  7. 5B010900 – Математика
  8. 5B011000 – Физика
  9. 5B011100 – Информатика
  10. 5B011200 – Химия
  11. 5B011300 – Биология
  12. 5B011400 – Тарих
  13. 5B011500 – Құқық және экономика негіздері
  14. 5B011600 – География
  15. 5B011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  16. 5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
  17. 5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
  18. 5B012000 - Кәсіптік оқыту
  19. 5B042100 - Дизайн
  20. 5B030100 – Құқықтану
  21. 5B050800 – Есеп және аудит
  22. 5B050900 – Қаржы
  23. 5B060200 – Информатика
  24. 5B060700 – Биология
  25. 5B070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  26. 5B091000 – Кітапхана ісі
  27. 5B012500 – Химия-Биология
  28. 5B012900 – География-Тарих

Магистратура мамандықтар:

  1. 6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  2. 6M010300 – Педагогика және психология
  3. 6M010900 – Математика
  4. 6M011100 – Информатика
  5. 6M011200 - Химия
  6. 6M011300 – Биология
  7. 6M011400 – Тарих
  8. 6M011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  9. 6M011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
  10. 6M050600 – Экономика




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:         8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail:      sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу